Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Сен сүйген жан сені сүймеуі мүмкін": Аша Матай шындықты айтты

"Сен сүйген жан сені сүймеуі мүмкін": Аша Матай шындықты айтты

    Аша Матай сатқындық туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі әнші желідегі парақшасында өмірдің заңдылығы туралы айтып, оқырмандарына кеңес берген. Ол сатқындық туралы айтып, қандай жағдай болмасын аяғыңа нық тұрып, алдыға ұмтылу керектігін жеткізген. Тележүргізуші күресті тоқтатушы болма деп жазды.
"Өмір жалғасады. Өмір болғасын аштысы мен тәттісі қатар жүреді. Сеніміңді сыйлаған жаннан сатқындықты да көрерсің, адамнан көңілің де қалады. Бірақ ешқашан сеніміңді жоғалтпа, себебі өмір жалғасады. Тығырыққа тіреліп, шығу жолын таппауың мүмкін. Бүкіл әлем саған қарсы тұрғандай болса да, күресіңді тоқтатпа, себебі өмір жалғасады", - дейді Аша Матай.
Тіпті сезімнің өзі адамды алдауы мүмкін, сен сүйген адам сенің бетіңе қарамауы да мүмкін деп өкініш танытты ол. Сондықтан, бақытты болсаң да, қайғының жетегінде кетіп, мұңға малынсаң да өмірдің жалғасатынын ұмытпай, өзіңді кез келген жағдайдан алып шығарлық күштің иесі бол. 
"Сүрінерсің, сен сүйген жан сені сүймеуі мүмкін. Бақытты жан-тәніңмен аңсасаң да, сені түсінетін адам бұл өмірде жоқ болып көрінсе де, қорықпа. Жүрегіңді ашық ұста, өйткені өмір жалғасады. Жаңа күн жаңалығымен келеді сенесің бе?! Мұның бәрі бір кездесуден, бір көзқарастан, бір сәттен-ақ өзгеріп шығады. Бақытқа да бөленерсің, жетістіктерге жетерсің, бір мезетте өзіңді әлемдегі ең бақытты адам боп сезінерсің. Бірақ сонда да ұмытпа, өмір жалғасады", - дейді Аша Матай.
25 шілде 2019 ж. 2 043 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 074 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам