Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Оның бәрі өтірік": ҰБТ-дан 67 балл жинаған жас жігіт ешнәрседен қорықпауға кеңес берді

"Оның бәрі өтірік": ҰБТ-дан 67 балл жинаған жас жігіт ешнәрседен қорықпауға кеңес берді

Қазақстандық жас жігіт биыл ҰБТ тапсыратын мектеп түлектеріне қатты алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, өзінің де аз ұпай алғанын жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Жетінші арнаның "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Alt
"ҰБТ – бұл сенің өмірің. "Қалай тапсырасың, солай өмір сүресің" дейді. Осының барлығы саған қатты психологиялық қысым алып келеді. "Мен қазір 70 балл алып жүрмін, ертең 50 балл алсам не болады? Өмірім қиын болып кетеді. Ойбай, мен өмір сүре алмаймын" деп ойлайсың. Қазір 25 жасқа келіп отырмын. Осы жасқа жетіп, бәрінің өтірік екенін білдім. Оның бәрі өтірік", - деп күлді ол. 
Әрі қарай ол өмірдің өз ретімен жалғаса беретінін және өз-өзіне қол салу секілді ауыр қылмыстардан аулақ болу керектігін ескертті. 
"Мектеп біткеннен кейін әрі қарай нағыз өмір басталады. Бұл жерде ешқандай психологиялық қысым жоқ, сен еркін өмір сүресің. Мен де мына кісі сияқты 67 балл алғанмын. Шынымды айтайын, қазіргі кезде бәрі жақсы. Мында отырған оқушыларға «Ешнәрседен қорықпаңдар, уайымдамаңдар. 120, 140 балл алсаңдар да, өмір әрі қарай жалғаса береді. Ал өмір дегеніміз өте қызық" деп айтқым келеді", - дейді жас жігіт. 
22 мамыр 2019 ж. 1 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам