СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВ: МЕЙРАМБЕКТІ ҰЛЫ ТҰЛҒА ДЕП ЕСЕПТЕЙМІН
Сәкен Майғазиев досы әрі әріптесі Мейрамбек Беспаевты аса қатты бағалап, оның алдында кішірейіп тұратынын жеткізді.
Бұл туралы ол Massaget.kz сайтының "Айна" жобасында айтты.
"Таулардың биіктігі байқалмайды" дейді ғой. Қасымда жүрген Мейрамбекті, замандасым, әріптесім болса да, бір дыбысұлғайтқыштан дауысымыз шығып жүрсе де сыйлаймын, төрден орын беремін. Мейрамбек тарихта қалатын адам деп есептеймін, әрқашан да оның алдында кішірейемін.
Бір-екі жас болса да үлкендігім болғаны үшін ол да маған орын беріп жатады. Замандастарымның ішінде де өзім биік тұтатын жандар бар", - дейді ол.