Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАЛЫДА ЖЕТІСКЕН МӘКЕНАЛЫНЫҢ 65 ЖЫЛДЫҒЫ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА ЖЕТІСКЕН МӘКЕНАЛЫНЫҢ 65 ЖЫЛДЫҒЫ ӨТТІ


Қазалы ауданында белгілі журналист, Қазақстан және Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, ақын Жетіскен Мәкеналынының 65 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.
Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ақынның ауданның ғана емес, Сыр өңірінің рухани-мәдени және қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік дара қолтаңбасы қалған тұлға екендігін, бүгінгі күні оның шығармалары өскелең ұрпаққа тағылымы мол мұра болып қалғандығын айтты.
Мұнан соң Жетіскен Мәкеналының 65 жылдығына орай шығарылған «Нұрлы ғұмыр» атты кітаптың тұсаукесері өтіп, оқырмандарға тарту етілді.
Шара барысында замандастары, зиялы қауым өкілдері ойлы естеліктер айтып, ақынның сөзіне жазылған әндер орындалды.
Айта кетейік, Жетіскен Мәкеналы алғаш еңбек жолын медицина саласынан бастап, кейіннен мәдениет пен әдебиет саласында қызмет етеді. Сондай-ақ өлке тарихын зерттеуде де көп еңбек етіп, «Ортаймаған қазаны – Қасиетті Қазалы», «Асандар көтерілісі», «Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы», «Ғани тағылымы» жинақтарын құрастырады. «Нұрбай би», «Ел мен Ер» прозалық кітаптары мен «ХХІ ғасырға аманат», «Тағдырмен тілдесу» атты жыр жинақтарын жарыққа шығарады.
26 қараша 2017 ж. 2 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам