ҮРМӘШ ТҮКТІБАЕВ АУЫЛЫНДА МЕРEЙТОЙЛЫҚ ШАРАЛАР ӨТТІ
Қазалы ауданында Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың 100 жылдығына арналған мерекелік шара өтті.
Батырдың ғасырлық мерейтойына арналған салтанатты шара театрландырылған қойылыммен басталды. Р.Рүстемов облыс әкімінің құттықтауын жеткізіп, кешегі жаһан соғысында Отан үшін отқа түскен қаһармандардың биік тұлғасын ардақ тұтып, есімдерін естен шығармау – бүгінгі ұрпақтың парызы екендігін, есімі мен ерлігі Сыр елімен бірге жасап келе жатқан батыр бабамыздың мерейтойы Рухани жаңғыруға өзіндік үн қосатынын айтты.
Жалпы, биыл батырдың 100 жылдығы аясында баба атындағы ауылда ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде ауылды абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 63 млн. теңге, ауылдағы алты көшені жөндеуге облыстық, аудандық бюджеттерден 76 млн. теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға сәйкес ауыл орталығынан «Тағзым алаңы» мен «Жастар» алаңы жасалып, батыр бабаның бюсті орнатылды.