Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Өмірдің өзі күрес

Өмірдің өзі күрес

Әйелдік ауыр міндетті ғана емес, спорттық додаларды да еңсере білгеннәзік жандылар көптеп саналады. Сондай, спорт пен отбасылық өмірде береке мен бірлікке қолжеткізген нәзік жанды таңдаулы тұлғаның бірі – Жамал Бозова. Мереке қарсаңында спорттағы жанмен сұхбаттасудың сәті түсті.
–Мерекеңіз құтты болсын! Көпшілік сізді Сыр елінің қайсар қызы ретінде таниды. Көп жылдар бойы әйел адамға "ауыр жол" – спортты серік етіп келесіз. Сіз байқаған отбасылық өмір мен спорттың ұқсас тұсы бар ма?
– Әрине, әдетте көпшілік спортты тек күші мығым ер адамға лайық деп есептейді. Алайда, ол қате түсінік. Себебі, спортшы күш тұрғысынан ғана емес, психологиялық тұрақтылық жағынан да басым болуы шарт. Ал, ұқсастық турасында айтар болсам: Спорт та, өмір де – күрес. Мұны әрбір адам мойындары анық. Сондай-ақ, мінез-құлық, табандылық қос тарапта кездесетін ортақ қасиет. Спортты кәсіби жетістік немесе мансап жолындағы баспалдақ есебінде қарастыруға болмайды. Ол күйзелістен, бойкүйездіктен алып шығатын төте жол. Жаттығу барысында адамның бүкіл денесі қозғалыста болып, қан айналымын жақсартып, күні бойына сергек жүруіне ықпал етеді. Бар болғаны жарты сағат жаттығу жасаудың өзі үлкен энергия сыйлайды, түрлі аурудан сақтайды. Сондықтан, екеуі бір-бірін толықтырып отырады.
Отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз.
–Қазіргі таңда екі бала тәрбиелеп отырмын. Батырхан есімді ұлым мен Сәуле есімді қызым бар. Әже атанып, бақытқа бөлендім. Тұмарханым деген немерем көз қуанышым болып, бой жетіп келеді. Өзімді берекелі отбасы мүшесімен деп санаймын.
Қыз-келіншектер мерекесі Сіздің отбасыңызда қалай аталып өтеді? Дәстүрге айналған отбасылық дағдыларыңыз бар ма?
–Көктемнің алғашқы, әрі айтулы мерекесі болғасын әйелдердің сұлулығы, нәзіктігі мен жан байлығына құрмет көрсету, арулардың жайнап, мәртебесі асқақтайтын мерейлі күн ғой. Негізі елден ерекшеленетіндей өзге дәстүр немесе өзгеріс жоқ. Халықаралық әйелдер күнінде біздің үйде де елдің жасағанын жасайды. Бұл күні отбасындағы ерлеріміз бірінші кезекте қарындасы және қыздарына ерекше сыйлық дайындайды. Бастысы, бұл мейрам көңілді өтеді.
Спорт пен отбасының таңдауға түскен сәті болды ма?
–Отбасы ең асыл құндылық екені белгілі. Әзірге ондай таңдау болған жоқ. Егер кезіге қалсам, сөзсіз отбасы берекесін биік тұрады.
Бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлесіз?
–Әрине, көпті көрген адам болғасын балаларыма бағыт-бағдар беріп отырамын. Өзі жауапкершіліктің үлкені де сол – бала тәрбиесі. Себебі, жас ұрпақтың келешегі оған берілген тәрбиеге қарай қалыптасады. Сондықтан бейжай қарайтын мәселе емес. Өз басым ұл-қызыма және немерелеріме көп көңіл бөлемін. Әр нәрсені ой елегінен өткізіп, саралап барып іске кіріс деп ақылымды айтып отырамын. Рас, ата-ана материалдық құндылықтарды қамтамасыз ету үшін жұмысбастылыққа салынуы мүмкін. Бірақ, бұл себептер перзент алдындағы негізгі міндеттерден құтқара алмайды.
Саламатты ұрпақ өсіруде балаға бөлінген уақыттың маңызы ерекше. Сөз қозғаған екенсің, айта кетейін. Біреуге септігі тиіп қалар. Жалпы көбіне ата-аналар баласы қасында болса, біздің көңіл бөлгеніміз осы деп ойлайды. Бірақ бұл қате тұжырым. Теледидар көргенде немесе өз ісіңді жасағанда, балаңыздың жаныңызда жүруі әрине баланың жалғыз болғанынан жақсы, бірақ жеткілікті емес. Балалар өздеріне жасалған материалды мүмкіндіктер арқылы уақытша бақытты бола алады. Ал бала үшін шын бақыт өзін жақсы көрген адамдармен бірге болып, бірге уақыт өткізуі. Соны жастар жағы ұмытпаса екен.
Оқырманды қызықтырған бір сауал: Үй шаруасындағы Жамал Бозова қандай?
–Отбасында әркімнің өз міндеті бар. Әйел ас-ауқаттың, тазалықтың тілекшісі ғой. Сондықтан, ас үйге кірмейтін әйел болмайды. Ал, тағамды дәмді жасау ол әйелдің шеберлігінде. Жалпы мен тамақ дайындау тәжірибесінен кем түспеймін.
Қолөнерге қызығушылығыңыз бар ма? Қыз жасауын толықтыру секілді қазақы салт-дәстүрді қаншалықты ұстанасыз?
–Иә. Қолөнерге қатты қызығамын. Әжеміз бен анамыздан көп нәрсе үйрендім. Негізі қолөнер иесі болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Оған да қолдың асқан ептілігі мен ерекше төзім керек. Үйренуге талпынғанмен әсте алып кете алмайтындар кездеседі. Шынымен икемі болмаса ештеме шығара алмады. Мен бір көргеннен үйреніп алдым десем болады. Қазір сол үйренгенімді балаларыма үйретудемін.
Әңгімеңізге рахмет!

Ерсін ШАМШАДИН
11 наурыз 2020 ж. 1 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 922 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам