Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жедел жәрдем — жанға дәрмен

Жедел жәрдем — жанға дәрмен


Бүгінде жедел жәрдем орталығында тынымсыз тірлік. Бұрынғыдай мамыражай қаңтарулы көліктер көзіңе көрінбейді.
Елдегі белең алған дертке байланысты бүгінде облыстық жедел жәрдем бөлімшесіне күніне 2500-ге жуық қоңырау келіп түседі екен. Қарбалас сәттен уақыт тауып облыстық жедел жәрдем бөлімшесінің бөлім меңгерушісі
Марина Тобылбаевамен тілдескен едік.

– Жедел жәрдем бөлімшесінің  қызметі туралы қысқаша айтып берсеңіз...
– Жедел  жәрдем – бұл науқас адаммен ең бірінші болып бетпе-бет кездесу, алғашқы  шұғыл көмек көрсету. Ең алғаш науқас адам жедел жәрдемге қоңырау шалады. Науқастың жағдайын анықтап, диагноз қоятын да біздер. Сол диагнозбен ауруханаға жеткізгенге  дейін көмек көрсету – міндетіміз, науқастың шағымымен, сыртқы бақылауымызбен қалай отыр, өзін қалай сезінуде және де қан қысымын тексеру арқылы диагноз қойып анықтаймыз.
– Жедел жәрдемде жұмыс істейтін қызметкерде қандай қасиет болуы тиіс?
– Ең алдымен батыл  болуы керек. Сондай-ақ адамдарға жанашырлық танытуы тиіс. Тәжірибе уақыт өте келе толығып қалыптасады. Және жылдамдық, іскерлік аса жауапкершілік болуы тиіс.
– Қазіргі таңда облыстық жедел жәрдем  бөлімшесінде қанша адам қызмет жасауда?
– Облыс бойынша 351 орта буын қызметкер. 56 дәрігер мамандары бар. Қалада 22 бригада, аудандарда 30 бригада жұмыс жасайды. Сонымен бірге, қалада кардиологиялық, педиатрлық, жалпы бригадалар болып бөлінеді. Яғни, науқастың шағымына  байланысты. Мәселен, инфаркт, жүрегі қысылып тұр деп шақырады. Міне, сол сәтте кардиологиялық бригада жіберіледі.
– Қазіргі таңда, елдегі ахуалға байланысты шақыртулар бұрынғы кезеңмен салыстырғанда айырмашылық бар ма?
– Әрине. Қазір күніне облыс бойынша 2000-нан аса шақырту келеді. Соның тең жартысы қала бойынша. Басым бөлігі температура көтерілуі, ауа жетпей жатқандығы жөнінде шағым түседі. Осылардың барлығына уақытылы барып алғашқы көмек көрсетудеміз. Қазір біздің де дәрігерлеріміз ауырып жатыр. Біз де ет пен сүйектен жаралған адамбыз. Осыған халық түсіністік танытады деп ойлаймын. Жедел жәрдем көліктерінің бір-бірін көрмейтін уақыттар да бар.
– Ерікті жастардан құралған топ өкілдері көмектесіп жатыр деп естідік?
– Адам денсаулығы ойыншық емес. Әсіресе қазіргідей кезеңде атүсті қарауға мүлдем болмайды. Ерікті жастар бұған үйреніп кетуі екіталай.  Сондықтан жедел жәрдем бөлімшесі қызметкерлері үзіліссіз жұмыс жасауда.
– Әкімшілік тарапынан көлік берілгені жөнінде кеңінен түсіндіріп өтсеңіз?
– Иә, қазір жұрт болып жұмылып, ұлт болып ұйысатын кезең. Шақыртулардың көптігіне байланысты көлік жетіспеушілігі орын жатқаны жасырын емес. Сондықтан ауылдық әкімдік меншігіндегі көліктер сол аймақтағы емхана алдында тұрады. Қоңырау түскен сәтте дәрігер мамандарды алып баруға жұмыс жүргізуде. Бұлда өз кезегінде бізге үлкен көмек болып тұр.
– Ашығын айтыңызшы, қазір ахуал қай деңгейде?
– Аса қуануға әлі де ерте. Дегенмен соңғы екі тәулікте жағдай сәл саябырсыған сыңайлы. Мәселен, қалада бір тәулікте 1300-дей қоңырау түссе, қазір 900 қоңырау қабылдануда. Бұл халқымыздың өз-өздерін отбасында оқшаулаудың оң нәтижесі.
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұқбаттасқан
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
11 шілде 2020 ж. 1 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 424 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам