Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қуат көзінен туындаған қыруар мәселе бар

Қуат көзінен туындаған қыруар мәселе бар

Бүгінде электр энергиясын тұтынушылардың түрлі шағымы бар. Редакцияға хабарласқан тұрғындардың талабына орай біз  Атомдық энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Саламат Қалжановпен жолығып, халықтың сұранысын қанағаттандыруды мақсат тұттық. Сонымен төмендегі сұхбат сол мақсаттың мәселесі.

– Қуат көзінен заңсыз ажыратқан жағдайда қайда хабарласу керек?
– Қуат көзі туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Осыған байланысты, бұзушылық фактілері болған жағдайда, немесе көз жеткізсеңіз ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментіне шағымдануға болады. Жалпы жеке немесе заңды тұлғаның электр энергиясына қарызы туралы анықталғаны кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын тұтынушыға хабардар етуге міндетті.
– Кернеудің шамадан тыс берілуінен, кейде тұрғындардың тұрмыстық техникалары істен шығып, зардап шегіп жатады. Бұл жағдайда не істеу керек, қайда шағымдануға болады?
– Электр энергетикасы туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган энергетика саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Осыған байланысты, тұтынушылардан тұрмыстық техникасы электр энергиясын беруші және энергиямен жаб­дықтаушы ұйымдардың жұмысы толық өз мәнінде атқара алмау салдарынан орын алған жағдайда бізге келіп шағымдануға болады. Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, тұтынушылар жасалған шарттарға сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші, және энергиямен жабдықтаушы ұйымнан электр энергиясын жеткізбеуден немесе сапасыз  жеткізуден келтірілген нақты нұқсанның орнын толтыруды талап етуге құқығы бар. Сондықтан азаматтар өздеріне келген шығындарды сараптама жүргізу арқылы дәлелденген жағдайда сотқа азамматтық талап коюға болады.
– Қуат көзін есептегіштерді қалай пайдалану керек, қашан және неліктен ауыстыру керек?
– Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тұты­нылған электр энергиясымен есеп айырысу үшін электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғылары қажетті коммерциялық есепке алу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Жалпы есепке алу құралдарын ауыстыру кезінде акті рәсімделеді.
Электр есептегіштерді келесі себепке  сәйкес  ауыстыру керек. Алдымен электр есептегіштің белгіленген жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты. Есептегіш тексеру кезінде сынақтан өтпеген және ішкі (cыртқы) зақымданулары бар, жұмыс жасау қабілетінен айырылған жағдайда. Және метрологиялық аттестациядан немесе сынақ­тан өтпеген жағдайда ауыстыра алады.
– Қуат көзін есептегіштерді тексеруді қан­шалықты жиі жүргізуге болады?
– Қазақстан Республикасының «Электр энер­гиясы туралы» Заңының 42,43-тармақтарына сәйкес «Электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарын салыстырып тексеру Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізі­лімінде көрсетілген мерзімдерде салыстыру тексерісаралық интервалға сәйкес жүргізіледі немесе мүдделі тараптардың бірінің өтініші бойынша коммерциялық есепке алу құралдарын жоспардан тыс салыстырып тексеру жүргізіледі. Жоспардан тыс салыстырып тексеру өткізгенде және коммерциялық есепке алу құралының жарамдылығын белгілеген жағдайда, салыстырып тексеру шығынын (оның ішінде алу және қондыру бойынша) жоспардан тыс тексеруге бастама болған тарап өтейді.  Егер салыстырып тексеру кезінде электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштері олардың дәл­дік сыныбымен рұқсат етілетін кінараттан асып кетсе немесе электр энергиясын есептеу схемасында электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарының дәлдігін бұрмалайтын бөгде элементтер табылса, онда жоспардан тыс салыстырып тексеру бойынша шығындарды электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарының тұтынушысы өтейді».
– Қуат беруші желілеріне заңсыз қосылу немесе өздігінен қосылу  фактілері туралы тоқталып өтсеңіз? Осындай болған жағдайда  жеке (заңды) тұлғаларға қандай шара қолда­нылады?
– Бұл туралы Қазақстан Республикасының «Электр энергиясын пайдалану туралы» Заңы­ның 66-бабында айтылған. Егер заңсыз электр энергиясын пайдаланса тұтынушыға акт тол­тырады және оны жарықтан ажыратады. Салынған айыппұлды төлегеннен кейін оған электр энергиясын қайта қосып береді.
Тұтынушының энергия беруші және энер­гиямен өндіруші ұйымның электр желілеріне өздігінен қосылғаны анықталса, акт жасалып, жеке меншіктілік құқығын иеленген сәттен бастап, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде нақты қосылған жүктеме бойынша пайдаланған электр энергиясының көлеміне қайта есептеу жүргізіледі.
– Тұрғындар сізге көбіне қандай мәселемен келеді?
– Тұтынушы бізге электр энергиясында қандай да бір мәселе туындаса хабарласа алады. Ал, жалпы жарықты заңсыз  ажыратып кетті, қарыз емес едім, электр бағаналары туралы мәселелермен келеді. Біз олардың мәселесін өзіміз шешуге тырысамыз.
– Уақыт бөліп сұхбаттасқаныңызға рахмет!
Сұхбаттасқан  Ж.Қуанышбайұлы
04 тамыз 2020 ж. 761 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 389 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам