Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰСТАЗ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ АЙНАСЫ

ҰСТАЗ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ АЙНАСЫ

  Қай кезде де білім саласының қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Осыған орай, біздің елімізде оқу-ағарту бағытында  нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл бағытта маңызды жобалар, іргелі  реформалар қолға алынуда. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында білім саласы назардан тыс қалып жүрген жоқ. Қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітовпен сұхбат барысында осы бағыттағы жұмыстар барысына зер салдық.
– Білім бәсекесінде былтыр қандай істер атқарылды. Жеткен жетістіктер, толайым табыстар жайында тоқтала кетсеңіз?
Білім саласы жаңа технологиямен, жаңа оқу әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілсе, жарқын істерге жол ашылады. Бұл – бүгінгі заманның сұранысы. Ал, бәсекеде алдыңғы қатарда болу үшін ұстаздардың еңбегі зор.  Қаламыздағы мектеп мұғалімдері бұл мүддеден шығып келеді. Қазір ұлт келбетін сақтаған, өмірлік тәжірибелері кім-кімге де үлгі болардай ұстаздар қала мектептерінде өте көп. Былтыр қаланың білім саласы үшін табыссыз жыл болған жоқ. Мәселен,  Астана қаласында өткен «Үздік педагог-2017» атты республикалық байқауында №1 мектеп-гимназия және №144 орта мектептің мұғалімдері Сәуле Әлденова, Сағатбек Қарапаев төсбелгімен марапатталды. Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылында «Үздік  орта білім ұйымы» атты байқауында №3 мектеп-лицей директоры Меруерт Әбдіқалықова жеңімпаз атанды.
Тасбөгет кентіндегі №11 мектеп-лицейі БҰҰ жанындағы ПРООН әлеуметтік бағдарламаларды қолдау ұйымының әлеуметтік нысандарды дамытуға бағытталған гранттық конкурсына «Мектеп оқушыларын зерттеушілік-жобалық жұмыстарға баулуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында грант жеңіп алды. Ол қаржыға білім ордасы ауласынан поликарбонаттан жасалған «Фермер» жылыжайы, құс бағы, мектеп асханасына коллектор, энергия және су үнемдеуші құрылғылар орнатылып, жылу жүйесі автоматтандырылды.
Тағы бір қуанышты жаңалық, №15 мектеп-лицейі БҰҰ Даму бағдарламасы аясында грант иеленді. Оған SAMSUNG компаниясы қаржылай демеушілік жасады. Жобаның құны 2 млн. 200 мың теңге.
– Білім саласында өткен жылдан бастап оқушылар бес күндік оқу жүйесіне өтті. Өзгеріс қандай нәтиже беріп отыр?
         Өсіп келе жатқан балалардың алған ақпаратты жүйелей алуы үшін функционалдық сауаттылықты дамыту бағытында мектептегі оқу бағдарламалары өзгертілді. Бұл бағытта енгізілген реформа мақсаты – ең алдымен оқушыларға сапалы білім беру, болашақта олардың әлемдік бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету. Өздеріңізге белгілі, жаңартылған білім мазмұнына көшу 2016-2017 оқу жылынан бастау алды. 2016 жылы 1, 2017 жылы 2, 5, 7 сыныптар осы жүйеге көшіріліп 5 күндік оқу аптасына ауыстырылды.
Ал, үстіміздегі оқу жылынан бастап барлық 1-11 сыныптар бес күндік оқу аптасына көшіріледі. Осының есебінен оқушылар мен мұғалімдерге қосымша 34 сенбі демалыс күндері берілді. Бұл балаға өзін қалпына келтіруге, педагогқа демалып, алдағы сабақтарға дайындалуға мүмкіндік беруде. Білім берудің нәтижелілігі артуына үлкен ықпал етті. Жаңа жүйе негізінде оқушылар мен ұстаздардың қосымша шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік пайда болды.
– Биылғы Жолдау бойынша ұстаздар жалақысы 30 пайызға көбейедіБұл ұстаз мәртебесін көтеруде оң нәтижеге қол жеткізуде өз тиімділігін көрсете ала ма ?
 – Ұрпақтың білімді, саналы болып қалыптасуы жолында тер төгетін мұғалімнің дәрежесін көтеру қай кезде де маңызды іс. көтермей болмайды. ҚР Президентінің дәстүрлі Жолдауындағы мұғалімдердің жалақысын 30 пайызға көбейту тапсырмасы  алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Қала мектептерінде 6154 ұстаз қызмет атқарады. Олардың 1820-сы 2017 жылы біліктілік арттыру курсынан өткізілді. Биыл – 2410, 2019 жылы – 1907 мұғалім сол шараның игілігін көреді деп күтілуде. Жаңа бастама ұстаз еңбегін бағалау деп ойлаймын. Жасаған жұмысының нәтижесін көреді. Бастысы, олардың арасында біліктілікті көтеруде бәсеке қалыптасады. Сол арқылы жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік алады. Ұстаз – ұлт болашағының айнасы. Сондықтан мұғалімдердің абыройын асқақтата білсек, олар еліміз межелеп отырған қандай міндеттерге болса да жас ұрпақты дайындау ісінде аянбай еңбек етері анық.
Ал, жаңа оқу жылында қандай жаңалықтар енгізілмек? Үштілділік бойынша оқытуға  қаладағы қанша мектеп дайын?
– Балаларды ерте жастан дамыту бойынша үлкен міндеттер қойылып отыр. Екінші мәселе, оқушылардың оқу жүктемесі қысқартылмақ. Электронды күнделікке біртіндеп көшу жоспарда бар. 2018-2019 оқу жылынан бастап 3, 6, 8, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап - 0, 4, 9, 10, ал 2020 жылы 11 сыныптар толығымен үштілді жаңартылған білім беру мазмұнына көшеді.
Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердіңпәндік және тілдік-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру тақырыбында 54жаратылыстану пәнінің мұғалімдері В1, В2 деңгейі бойынша біліктілік арттыру курсынан өтті. Үстіміздегі  жылы 200 мұғалім бұл бағытта білім жетілдіреді. Сонымен қатар, қала мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша тиімді ұйымдастыру жолдары қарастырылды. Айта кетерлігі, 23 робототехника кабинеттерін жабдықтауға қаржы қаралып, оқу жылының аяғына дейін оларды алып беру жоспарлануда. Үстіміздегі жылы осы бағытта 11 физика, 11 химия, 8 биология кабинеттері толығымен жабдықталады деп күтілуде.  Осы жұмыстарды жүзеге асыру нәтижесінде жаратылыстану пәндері бойынша үштілді оқыту қолға алынады.
 – Қала мектептерінің оқу құралдарымен қамтамасыз ету деңгейі қалай?
– 2016-2017 оқу жылында қалаға қарасты мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету үшін бюджеттен қаралған  қаржыға  357 мыңға жуық оқулықтар сатып алынды. Биылғы оқу жылында 55002  өрен оқулықтармен  толық  қамтамасыз  етілді. Алдағы 2018-2019  оқу жылында 3, 6, 8 сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері жаңартылады  деп  күтілуде. Білім ордаларын қажетті оқулықтармен қамтамасыз ету үшін қажетті қаржы қарастырылуда.
Жоғары сынып оқушылары үшін ҰБТ кезінде үлкен қарбалас басталатыны белгілі. Биылғы түлектерді қандай ерекшеліктер мен өзгерістер күтіп тұр? Жалпы, оған дайындық қалай?
Ұлттық бірыңғай тестілеу шарасы биыл ешбір өзгеріссіз. Тестілеу 3 міндетті және талапкердің таңдаған мамандығы бойынша бейінді 2 пәннен тұрады.
Қала бойынша 2017-2018  оқу жылында 2139 оқушы бітіреді. Қазіргі таңда 2139 түлектің 1752-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады деп жоспарлануда. Бүгінгі күні оларды қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындау басталып кетті. Жергілікті бюджеттен әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары үшін 12 млн. теңге қаржы бөлінді. Аталмыш қаржығы сынама кітапшалары алынып берілуде. Жаңақорған ауданында орналасқан «Талдысу» лагерінде түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауға жергілікті бюджеттен қаржы қаралды. Сынаққа қатысатын 405 бітіруші дайындықтан өткізілсе, сәуір айында қосымша 150 бала  өз білімдерін дәлелдеу үшін сынамадан өтеді.
 – Қызылорда қаласының 200 жылдық  тойына сіздің салаңыз бойынша қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылмақ?
Шаһарымыздың  200 жылдығына орай қалалық деңгейде іс-шаралар өткізіліп келеді. Атап айтқанда, жас ақын оқушылар  арасында айтыс өтті. Сондай-ақ, барлық білім беру мекемелерінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес түрлі шаралар ұйымдастырылады.
– Әңгімеңізге рақмет.
Сұқбатты жүргізген:  Айтолқын АЙТЖАНОВА.
09 сәуір 2018 ж. 2 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам