МЕКТЕПТЕ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен П.Д. Осипенко атындағы №8 орта мектеп базасында білім беру ұйымдарындағы педагог-психолог мамандардың әдістемелік семинары өткізілді. Білім беру ұйымдарында әрбір білім алушыға жеке тұрғыда ықпал етуде психолог ролі және мектеп психологтарының кәсіби құзыреттілігін шыңдау, жас мамандарға әдістемелік көмек беру мақсатында психолог мамандар өзара тәжірибе алмасты.
Семинар барысында психолог мамандар жасөспірімдердің психикалық күйлерін анықтауда психодиагностикалық жаңа әдістерді талқылай отырып, аутодеструктивті мінез-құлықты жасөспірімдермен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстармен танысып, семинар соңында психодрамалық тренингтер жүргізілді.