Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қайрат МЫРЗАХМЕТОВ: Саламатты өмір ағзаны сауықтырады

Қайрат МЫРЗАХМЕТОВ: Саламатты өмір ағзаны сауықтырады

Жаз күндері аймақта тері аурулары өршіп кетеді. Оның сыры неде? Мамандар не дейді? Одан қалай сақтануға болады? Осы орайда облыстық тері-венерология диспансерінің бас дәрігері Қайрат Мырзахметовтен аймақ тұрғындарында кездесетін тері-венерология ауруының қазіргі  жай-күйі туралы айтып беруін сұраған едік. 
  • Қайрат Тәңірбергенұлы, жаз мезгілінде, күн ысыған сайын  тері аурулары көбейіп,  түрлі инфекциялар қозып, үлкенді де, кішіні де әбігерге салады. Адам ағзасында түрлі микроб  жазғы мезгілде бас көтеру сыры неде?
  • Күннің ысуы, суға түсу маусымының басталуы, түрлі көкөністі ағзаға қабылдаудан ас қорыту процесінде өзгерістер орын алып, тері бетінде түрлі асқыну болады.  Жаз айы - шынында тері ауруының өршитін кезі. Тері арқылы денеге өткен бактериялар, микробтар адамды неше түрлі ауруға алып келеді. Ол ағзада зат алмасудың бұзылуынан да болады. Мәселен, қант диабеті кезінде көмірсу алмасу бұзылады. Ол теріні қышытып, шиқан, безеу тәрізді сырқаттарға әкеледі. Онымен күресудің қарапайым ережесі қолды жуудан басталады. Жеке бас гигиенасын сақтамау, қолды шала жуу – ауруға шалдығудың алғы шарты. Медицина мамандары қол жуу ережесі туралы арнайы сынақ тапсырады. Мұның өзі – ғылыми дәлелденген қағида. Ішке түрлі микроб қолдың ластығынан да енеді. Сондықтан оны мұқият жуып, түрлі кремдер жағып күтім жасау керек. Көп жағдайда тазалыққа ден қойсаң, тері ауруының алдын аласың. «Сақтықта қорлық жоқ» дейді ғой дана халқымыз.  Әсіресе, шыжыған ыстықта барынша қауіпсіздік шарасын жасау  керек.
  •  Қазір қандай аурулар белең алып  тұр?
  • Медицина тілінде «псориаз» немесе қабыршақты тері деген науқас та осы мерзімде өршиді.  Ол жылдар бойына созылатын жұқпалы емес тері ауруы. Псориаздық бөртпенің саны шектеулі болуы мүмкін. Олар тізе, шынтақ буындарына шығады. Кейде күн сәулесі науқасқа оң, кейде теріс әсер беріп қозатын кезі болады. Қабыршақтың көптеген қабатталуынан зақымдалған аймақ сау терінің деңгейінен кішкене көтеріліп тұратын түйіндікке ұқсайды. Аурудың өршу сатысында осылардың әрқайсысы қызғылт жиекпен қоршалады. Дәрігермен кеңесіп, тиісті ем-домын алса, науқастың қабыршақты жарасы кетіп, терісі жақсарады. Бірақ  созылмалы болғандықтан толықтай жазылмауы мүмкін. Сондықтан мамандармен кеңесіп, белгілеген уақытта ауруханаға жатып емделеді. Бізде «Денсаулық мектебі» деген жеке кабинет бар. Сол жерде мамандар тарапынан қажетті ақыл-кеңес беріледі, шағын кітапша таратылады.
  • Маман дегеннен шығады сіздерде білікті  мамандармен қамтамасыз ету жайы қалай?
  • Біздің ауруханада дәрігерлердің көпшілігі – жастар. Арасында бұрыннан келе жатқан білікті мамандар бар. Дәрігерлер білімін жетілдіру үшін облыстық, республикалық семинарға, түрлі оқуларға үзбей жіберіліп тұрады. Көп жылдық тәжірибе жинаған мамандардан сабақ алып, жас мамандар білімін жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде болады. Басқа өңірлердің емдеу үлгісін де кейде қаперге аламыз.
  • Қазір ауруханада қанша науқас ем алуда?
  • Біздің аурухана 60 орынға негізделген. Қазір 30 науқас ем қабылдауда.  Олардың арасында атопиялық дерматит, псориаз, паразит саңырауқұлақтар тарататын және венерологиялық  ауруға шалдыққан тұрғындар бар.
  • Мекеме тарапынан алдағы уақытта қандай жұмыстар атқарылады?
  • Қазіргі таңда денсаулық саласында көптеген оң өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Медицина қызметкерлерінің жалақысы да көбеюде. Ол көңілге қуаныш, алдағы күнге сенім сыйлайды.  Сонымен қатар бізге үлкен міндет пен жауапкершілік жүктейді. Алдағы уақытта көпбейінді ауруханаға айналуға күш саламыз. Дамыған мемлекеттерде қажетті мамандар бір жерге шоғырланады. Біз де осы жүйеге көшпекпіз. Сол кезде емделушілерге қолайлы жағдай қалыптасады деп ойлаймын.
                              Сұхбатты жүргізген  Гауһар Қожахметова.
24 маусым 2019 ж. 4 364 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 038 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам