Қорылдаудың 5 зияны
Шаршаған күні қатты ұйықтап, қорылдағанымызды байқамай қаламыз. Қасымыздағылар "түнде қорылдадың" деп ескерту айтса таңғаламыз. Қорылдаудың зияны қазір білінбеуі мүмкін. Дегенмен, оның салдары уақыт өте келе біліне бастайды. Ол үшін қатердің алдын алу керек. Олай болса, қорылдаудың адам ағзасына тигізер әсері туралы біле жүріңіздер.
Басыңыз ауырады
Қорылдаудың әсерінен бастың ауыруы жиілей түседі. Ұйқы кезінде дұрыс тыныс алмасаңыз, оттегіні жұтып, көмірқышқыл газын бөліп шығару қиынға соғады. Соның салдарынан мидағы қан тамырлары қысылып, бас ауруы пайда болады. Қорылдауды тыйып, дұрыс тыныс алу үшін стоматолог, отоларинголог секілді мамандармен кеңесіп, ақыл сұраңыз. Ұйықтар алдында бүйіріңізге жастық қойып жатсаңыз, қорылдауды өздігіңізден тыюыңыз мүмкін.
Инсультке шалдығуыңыз мүмкін
Қытай ғалымдары қорылдайтын адамдардың ағзасында инсульттың 26 пайызға артатынын анықтаған. Қорылдаудың әсерінен күретамырда түйіндер пайда болады. Бұл инсультке әкеп соқтырады. Зерттеулерге сүйенсек, көбіне толық адамдар қорылдайды екен. Демек, инсультке толық адамдар көп кшалдығады.
Есте сақтау қабілетіңіз төмендейді
Қорылдаған адамның есте сақтау қабілеті қорылдамайтындарға қарағанда 10 жылға азаяды. Тыныс алудың бұзылуының әсерінен ми жұлынындағы сұйықтық көлемі артады. Қан айналымын реттейтін және мидың қызметін қадағалайтын сұйықтық ақпаратты миға жеткізеді. Сондықтан оның өз мөлшерінен артуы денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Егер дер кезінде қорылдауды тыйып, емделетін болсаңыз, мұның да өз қалпына келетіні сөзсіз.
Жүрекке де зияны бар
Жас ұлғайған сайын қорылдау тыйылмаса, адам жүрек ауруына шалдығады. Үнемі шаршап жүретін адамдар бұған қалай кезіккенін аңғармай да қалады. Негізінен адам шалқасынан жатса қатты қорылдайды. Қорылдаған адамды оң жақ бүйірімен жатқызу керек, сол жақ бүйірімен жатқызуға болмайды. Себебі, дұрыс тыныс ала алмайтын адамның жүрегіне салмақ түссе, іс насырға шабады.
Күйзеліске шалдығасыз
Қорылдайтын адамдардың 50 пайызы күйзеліске ұшыраған жандар. Аустралиялық ғалымдардың айтуынша, қорыл күйзеліске, күйзеліс қорылға әкеледі. Яғни, адамда бірінші қорыл пайда болса, күйзеліске ұшырайды. Егер алдымен күйзелістен шаршап жүрсе, түн ұйқысын қорылмен өткізеді. Ғалымдар мұның алдын алу үшін аптаның үш сағатын жаттығу залында өткізу керек екендігін айтты. Бұл күйзелісті 19 пайызға төмендетеді.
Бұл жағдайлар бір кездері алдымыздан шығуы мүмкін. Ағзамызды дерттен қорғап, өз-өзімізді шыңдап жүрсек, әдемі қартаятынымыз белгілі. Сондықтан да денсаулығымызға өзіміз қиянат жасамайық.