Асыл тастардың емдік және ерекше қасиеттеріне келетін болсақ:
Алтын – өмір жасты ұзартады, қарт адамдардың бойына әл қуат береді, қауіпті аурудан қорғайды, уланғаннан емдейді.
Күміс – шиқан сырқаттарын, ірің мен қанды кептіреді.
Мыс – іріңді, қанды кептіреді, өкпе мен бауырдың қызуын түсіреді.
Алмаз – ізгілік пен ерлікті бейнелейді. Көкшіл реңді асыл тас жас аналардың бойтұмары іспеттес болады.
Жақұт – опасыздық пен қрқыныштан қорғайды. Сүйген жанын өзіне қарату үшін еуропалық әйелдер жақұт ұшқынымен магниттелген ыдыстан тамақ берген.
Замартас (изумруд) – қуаныш пен көңілділік сыйлайды. Ұмытшақ немесе көзі нашар көретін әйелдер оны мойынына таққан. Бұл асыл тас ұзақ өмір сүруге кепілдік береді. Дел-салдықтан арылтып, ойды ширатады.
Александрит – қан айналуды жақсартады, қанды тазартып, тамырларды бекіте түседі.
Гауһар – күш-жігер қосады, жүрегіңді тыныштандырады, сағыныштан сарғайғанға да ем болады.
Ізгілікті циркон (гиацинт) – күйгелектік панелестен арылтады. Мінезі жеңілтек әйелдер «жоспарсыз» туудан сақтанғанда пайдаланған.
Қызыл шпинель (лал) – күннің өткір сәулесінен қорғайтын болған. Қарт кісілер бел ауруын жеңілдетуге тағады.