Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

    Бүгінгі күні Қызылорда облысында 44 мыңнан астам көпбалалы аналардың 27 мыңнан астамы - Батыр аналар. Олардың ішінде 14 мыңнан астамы «Алтын алқа», 13 мыңдайы «Күміс алқа» иегерлері. Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев аймақтың әйелдер қоғамдастығының өкілдерімен кездесіп, Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Аймақ басшысы өңірдің бірқатар маңызды салаларында әйелдер қауымының арқасында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
«Тарихтың қай парағын ақтарсаң да қаны асыл, жаны текті апа-аналарымыздың өнегелі ісі, айшықты жүзі мен ғибратты сөзіне қанасың. Бегім сұлу, Құртқа, Қыз Жібек, Қарашаш, Айман, Домалақ ана сияқты ақылы асқан, дана апа-Аналарымыздың бейнесі асыл мұра ретінде ұрпағының санасында. Сыр өңірінде де талай ардақты аналардың өнегелі өмірі, сырлы шежіресі аңызға айналып, ел аузында жүр. Сәлима  Жұмабекова, Шырынкүл Қазанбаева, Ұлбала Алтайбаева, Закира Ержанова, Қазына Жүсіпова сынды ел аналарының ерен еңбегі мен жарқын істері бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Бүгінгі кездесуімізге көп балалы аналар, ауыл шаруашылық, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, яғни күнделікті қажырлы еңбектерімен өмірімізді жақсартым, тәуелсіздігімізді нығайтып келетін жандар қатысуда. Облысымыздың, еліміздің барлық жетістіктерінде сіздердің зор үлестеріңіз бар», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, өңір басшысы Қызылорда облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Алма Ақдәулетованы биылғы 85 мерейтойымен құттықтады.
 «Естуімізше, жақсы адамға үш қасиет ерекше тән дейді:  бірі – жылы жүзі, екіншісі – дана сөзі, үшіншісі – сырбаз мінезі. Бар бақытын еліне арнаған еңбектен тапқан Алма Танабайқызы өз бойындағы осы үш қасиетінің арқасында Сыр елінде айрықша құрметке бөленді», - деді облыс әкімі
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін Алма Ақдәулетова Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Өз кезегінде, кездесуге қатысушылар аймақ басшысына көрсетіп жатқан қолдау үшін алғыс білдірді.
08 наурыз 2018 ж. 1 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 083 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам