Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Актриса Жұлдызай өнермен қоштаспақ

Актриса Жұлдызай өнермен қоштаспақ


Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өнерден бір жола кетіп жеке кәсіпкерлікке бет бұратыны жайлы ресми түрде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды
Shownews.kz ақпаратық порталы.
Осы уақытқа дейін жұрт назарынан жырақта жүрген Жұлдызай таяуда ел күтпеген мәлімдеме жасады. Сахнадағы жиырма жылдығын атап өткен актриса бұдан бұлай өнермен қоштасатынын ресми түрде хабарлады.
«Келесі жылы сахнадан кетемін. Сахнаны шәкірттеріме тастаймын. Өнерден кетуіме үлкен концерт беруім мүмкін. Басқа салада жұмыс жасайын деп жатырмын», – дейді Жұлдызай.
Иә, әртістің таңдауы осы! 2020-да өнерден бір жола алшақтап, жеке кәсіпке бет бұрмақшы!
Әуелде қалың көпшілікке «Шаншар» арқылы танылып кейін, «Алдараспан» театрында өнер көрсеткен Жұлдызайдың есеп беру кешінде Уәлибек, Жүсіп және Нұржан Төлендиевті көпшліктің көргісі келген еді. Алайда, кеш иесінің ұстаздары да, сахнадағы сәтті серіктестері де көрінбеді.
«Мен барлық әріптестерімді жинап концерт бергім келген жоқ. Жеке өзімді көргім келді. Менің қолымнан келе ме деп сынағым келген еді. Балапан басымен, тұрымтай тұсымен дейді ғой. Әр концерт жасаған сайын Уәлибекті, Нұржанды шақырып әуре қылу керегі жоқ деп ойлаймын», – деді актриса.
Жұлдызайдың берер жауабы осы. Алайда, өнердегі әріптестерінің жеке кешке келіп қолдау көрсетпегені халық түгілі, өзге әртістердің де күдігін оятқан сыңайлы.
«Бірақ, «Шаншар» театрының актерлары, «Алдараспан келсе» әрине, құба-құп болар еді. Енді шақырмады ма, шақырып келмеді ме ол жағын шыны керек мен білмейді екенмін. Сондықтан менің бір ойым, ол кісілер келсе өте жақсы болар еді. Десек те, ол кісілер келмей-ақ та жақсы болып жатыр», – дейді Ерболат.
«Енді Жұлдызай ханымның өнерін «Шаншар», «Алдараспаннан» бастап білеміз. Алғашқы концертіне тілек айтып жатырмыз. Студенттер сарайынан басталған концерт республика сарайында жалғасын тапсын деген ниетпен. Қазақтың өнердегі әпкеміз ғой. Тек қана жақсылық тілеймін», – деді Қуандық Рахым.
07 желтоқсан 2019 ж. 2 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 038 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам