Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк жансақтау бөлімінде жатыр

Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк жансақтау бөлімінде жатыр

Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюктің қазіргі жағдайы белгілі болды. Нейрохирургтер оған ота жасауды жоспарлауда. Алайда актрисаның жағдайы кез-келген хирургиялық әрекетті қауіпті қылып тұр.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымда хабарланғандай, ресейлік актриса химио және сәуле терапиясы курсынан өткен. Алайда жүргізілген ем-дом көмектеспей, Заворотнюктің жағдайы нашарлап кетті. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Ісік миына тарап кеткен екен.
Дәрігерлер ота жасау мүмкіндігін талқылау үшін консилиум өткізбек. Алайда басылымда аталғандай, ота жасау қатері үлкен болып тұр. Себебі актриса отаны көтере алмауы мүмкін.
Еске сала кетсек, бұған дейін Анастасия Заворотнюктің мидың қатерлі ісігіне шалдыққаны туралы қауесет тараған еді. Актрисаның көршілері оның толып кеткенін және басына орамал тағып алғанын айтыпты.
Ал әртістің ресми өкілдері бұған дейін оның дертке шалдыққаны туралы ақпаратты жоққа шығарған-ды.

14 қыркүйек 2019 ж. 977 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 075 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам