Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БИІК ӨКШЕЛІ АЯҚ КИІМНІҢ ҚАНДАЙ ЗИЯНЫ БАР?

БИІК ӨКШЕЛІ АЯҚ КИІМНІҢ ҚАНДАЙ ЗИЯНЫ БАР?

  Дәрігерлердің айтуы бойынша, адамның табаны мен омыртқасы 23 жасқа дейін өсіп, жетіледі. Осы жасқа дейін биік өкше мен біз өкшелі аяқ киімді қолдануда өте абай болуды ұсынады. Өкшесі биік және тар аяқ киімді көп кигенде аяқтың алдыңғы бөлігіне күш түсіп, башпайлардың (аяқ саусақтары) қисаюына алып келеді. Биік өкшені жақсы көретіндерде плантарлық фасциит жиі кездеседі, ол – табан сүйегінің үлкеюі және үнемі киілетін биік өкшенің әсерінен уақыт өте келе аяқтың ахилл сіңірі өз қалыбынан өзгеріп, жайтабан аяқ киіммен жүру мүмкін емес болып қалады. Бұл жағдай тек ота жасау арқылы ғана емделеді. Сонымен қатар, өкше биіктеген сайын омыртқаға түсетін күш те арта береді. Биік (8см-ден жоғары) өкшелі аяқ киімді ұзақ уақыт киюдің әсерінен омыртқааралық жарық (омыртқа арасында ет өсу, грыжа), бел аурулары, буындардың жылжуы, сіңір созылу сияқты ауруларға жиі ұшырайды. Сколиоз (омыртқаның бір бүйірге қисаюы) бар адамдарға биік өкше киюге болмайды, қауіпті. Сондықтан биік өкше кигенде аяғыңыз талып, ауыра бастаса, денсаулығыңызды ойлағаныңыз дұрыс. Егер сіз күні бойы биік өкшелі аяқ киіммен жүріп, кешке не ұйықтар алдында аяғыңыздың сіңірі тартылып (сирек әрі жәй ғана болса да), ісіп, ауырсынулар болса, варикоздың (аяқ қан тамырларының кеңеюі) алғашқы белгілері болуы мүмкін. Күні бойы аяғыңыздан тік тұратын не көп шапқылайтын жұмыста істесеңіз, сізде варикоз ауруларын асқындырып алу қаупі бар. Ал, биік және тар аяқ киім қан тамырларына қысым түсіреді. Денсаулық - аманат! Аманатқа қиянат жасамайық!


04 қаңтар 2018 ж. 1 850 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам