ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ГЕМОГЛОБИНДІ КӨТЕРЕТІН ТАҒАМДАР
Қан құрамындағы гемоглобин аз болса, адам әлсіреп, иммунитеті төмендеп, ауру-сырқауға бейім болады. Әсіресе, қыс мезгілінде гемоглобин төмендемеуін қадағалау қажет. Қызылша мен анар, жемісіне қарағанда анар шырыны гемоглобин көтеруде бірінші кезектегі тағамдар екені айтпаса да белгілі.
Сәбіз шырыны да қан көбейтуге жақсы әсер етеді. Жаңа сығылған сәбіз шырынынан күніне 300-400 мл ішіп отырсаңыз, пайдасы өте мол. Оны қызылша шырынымен және балмен бірдей мөлшерде араластырып ішсеңіз де болады.
Халуа. Бұл шығыс тәттісі көздің жақсы көруіне, онкологиялық ауруларды емдеуге пайдалы. Құрамында темір көп болғандықтан, гемолглобин деңгейін көтереді. Оны күнже, жаңғақ, күнбағыс дәнінің ұнтақталған түрінен жасайды. Ол темір ғана емес, Е, В дәруменіне, фосфор, калий мен мырышқа бай.
Пісте (фисташка). Сырамен қатар жүретін жаңғақтың бұл түрі де қан аздықпен күресуге көмектеседі.
Ет. Қыс мезгілінде етті мейлінше көп жеу керек екенін барлығы біледі. Стейктің бөлігі бір күндік қуатпен қамтамасыз етеді, тоңбауға да септігін тигізеді. Бастысы, ақуыздар қан жасушаларын қалыпқа келтіреді. Сиыр, бұзау, қоян еті, бауыр мен тілді тамақтану тәртібіңізге енгізіңіз. Гемоглобинді қалыпта ұстау үшін күніне 50 грамм, ал көтеру үшін 100 грамм ет жеу жеткілікті.
Кептірілген саңырауқұлақ. Саңырауқұлақтан пісірілген хош иісті сорпа жақсы түскі ас болып қана қоймай, ағзада темір мөлшерін көбейтуге де септігін тигізеді. 100 грамм саңырауқұлақта 30 миллиграмм темір бар. Бұл өнімнен күніне 50 грамм қабылдасаңыз, көрсеткіштер де қалпына түседі. Ал оның сапасы мен қауіпсіздігі бөлек әңгіме.
Астық тұқымдастар. Олардың 100 грамында 15 миллиграмм темір бар, сонымен бірге гемоглобиннің синтезделуіне көмектесетін В дәруменіне де бай. Әсіресе, таңғы асқа жеген дұрыс. Ас қорыту жүйесінде қиындықтар туындамас үшін күніне 30 грамнан асырмауға кеңес беріледі.
Теңіз өнімдері. Асшаян (креветка), маллюскалар, кальмар, уылдырық секілді теңіз өнімдері нағыз дәруменнің қайнар көзі, гемоглобин деңгейін көтеруге де тапытрмас өнім. Дүкендерде көбінесе мұздатылған түрі сатылады, алайда ол құрамындағы пайдалы заттарды жоғалтпайды.
Кепкен жемістер мен жаңғақтан жасалған қоспа. Мейіз, өрік, қара өрік және грек жаңғағын бірдей мөлшерде алып, майдалап, жақсылап балмен араластырып жасап қойыңыз да, күніне 6 мезгіл бір қасықтан жеп отырыңыз. Гемоглобиніңіз бірер ай ішінде көтеріледі.