Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДӘРІГЕРЛЕР ҮШЕМДІ АЖЫРАТЫП ЖІБЕРІП 12 ЖЫЛ БОЙЫ ТӘЖІРИБЕ ЖҮРГІЗГЕН

ДӘРІГЕРЛЕР ҮШЕМДІ АЖЫРАТЫП ЖІБЕРІП 12 ЖЫЛ БОЙЫ ТӘЖІРИБЕ ЖҮРГІЗГЕН

   Нью-Йоркте үшем босанған әйел балаларын асырап алу агенттігіне тастап кеткен. Үшемге тәжірибе жасамақшы болған дәрігерлердің басы дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, шетелдік басылымға сілтеме жасап.

Роберт Шафран алғаш колледжге келгенде оны айналасындағылардың бәрі таныған. Өзі танымайтын қыз-жігіттер оны бұрыннан танитындай қалжыңдасып, қыздар қызыға қарайтын болған. Бірде жатақханадағы көршісі Майкл Домиц оған ұқсайтын жігітпен бірге тұрғанын айтып, «Асырап алған отбасында өскен жоқсың ба? Туған күнің 12 желтоқсанда емес пе?» деген сұрақ қойған.
Майклдың басқа колледжге ауысып кеткен бұрынғы көршісі Эдди Роберт Шафранның егізі болып шықты. Олардың бұйра шаштары, күлгендері тіпті қимылдары қатты ұқсас болған.
Олар алғаш кездескенде сөйегендері, күлгендері, денесіндегі дақтары ұқсап және екеуінің де IQ — 148 балл болған. Екеуі де күреспен айналысады, фильмдер таңдауы да бірдей. Тіпті, олар пәктігінен де бірдей уақытта айырылған. Таңғаларлық оқиға мұнымен біткен жоқ. Эдди мен Роберт туралы жергілікті газеттер жазғаннан кейін олардың үшінші егізі Дэвид табылды. Жігіттердің асырап алған ата-аналары агенттіктен балалардың үшем екенін неге айтпағанын сұраған. Бірақ агенттіктегілер қашқақтап, дұрыс жауап бермеген.
Сөйтсе, Нью-Йорктегі Лонг-Айленд қаласында 1961 жылы туған үшемді анасы Louise Wise Services деп аталатын асырап алу агенттігіне өткізген. Көбіне мұндай әйелдер еврей ұлтынан болған. Олар негізі төртем болған. Бірақ төртінші бала туған кезінде шетінеп кеткен.
Агенттіктің консультанты, Колумбия университетінің психиатры Виола Бернард үшемді асырап алушылар келгенде олардың үшем екенін айтпай, үшеуін үш отбасына асырап алуға беру тураалы ұсыныс тастаған. Дәрігер Питер Нойбауэр бұл ұсынысты қолдаап, үшемдердің «тәрбиеге қарсы табиғат» мәселесін шешудің жақсы тәсілі деген шешімге келді.Олар үшемнің бір-біріне ұқсамайтын мүлде әр түрлі отбасында қалай өсетінін көргілері келген. Үшемді асырап алған ата-аналар 12 жыл бойы балаларды осы орталықтағы дәрігерлерге тексеруге әкеліп тұрған. Үшемді асырап алған үш отбасы балаларының егіздері бар екенін білмеген. Үшемдердің түр-әлпеті де, мінез-құлқы да ұқсас, тіпті интеллектілері де жоғары 148 балл болған.
Зерттеу барысында балалардың бөлек өсуінің зиянды жағы да байқалған. Дәрігерлер зерттеу теріс нәтиже бергендіктен ешқайда жарияламаған. Мамандар тек туа берілген қасиеттердің адамның мінез-құлқына ықпал ететінін, ал тәрбие оның қалай пайда болуына ықпал ететінін анықтаған.Үшемдер бір-бірін танығаннан кейін бір колледжде оқыған. Бірігіп өздерінің мейрамханаларын ашқан. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмай, Роберт заңгер мамандығына ауысқан. Эдди ұзақ уақыт бойы күйзеліспен күресіп, 33 жасында өз-өзіне қол салған. Дэвид мейрамхананы жауып, сақтандыру бойынша консультант болып кеткен.
05 ақпан 2018 ж. 1 649 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам