Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » САҒЫЗДАН БҰЙЫМ ЖАСАЙДЫ

САҒЫЗДАН БҰЙЫМ ЖАСАЙДЫ

   Британ дизайнер Анна Буллус қала көшелерін ластап, әр жерде бір шашылып жататын елден қалған сағызды жинап, пайдалы заттар жасамақ ниетте, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.
Жыл сайын бүкіл әлемде сағыз өндіріп шығару үшін 14 млрд доллар қаражат жұмсалады екен, алайда, пайдаланған сағызды лақтырудан басқа амал жоқ, керексіз затқа айналып шыға келеді. Ал сағыз қалдықтарын жинау үшін Ұлыбританияда жылына 50 млн фунт стерлинг бөлінеді.
Ауаға кетіп жатқан қаражат Аннаның жүрегіне батқандықтан, 10 жыл бойы сағыздан пайдалы өнім жасаудың жолдарын іздепті. Ол үшін, тіпті, сағыздың химиялық құрамын да зерттеп, бастысы, синтетикалық каучуктан жасалатынын анықтаған.
«Оның аты – полиизобутилен, велосипед дөңгелектерінің ішкі жағында орналасқан резеңкеге өте ұқсайтын заттан сағыз жасалады», - дейді Анна.
Анна Gumdrop деген алқызыл түсті сағыз қоқысын салатын ыдыстар ойлап тапқан. Ол жәшіктердің өзі де сағыздан жасалады. Ең алғашқы болып Винчестер университеті осы жәшіктерді сағыз қалдықтарын жинау үшін пайдаланған. 3 айлық тәжірибеден соң, тазалық жұмыстары үшін бөлінетін 6000 фунт стерлингті үнемдеген университет мұндай нәтижеге аң-таң. Heathrow әуежайы мен Great Western темір жол вокзалы да осы жәшіктерді қазір пайдаланып жүр.
Ал жиналған сағыз қалдықтары арнайы зауытқа апарып тапсырылады. Ол жерде өзге де қоқыстармен бірге өңделіп, сағыз арнайы қалыптарға құйылып, синтетикалық заттар шығарылады.
08 наурыз 2018 ж. 1 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам