КІТАП ӘЛЕМІНІҢ КЕРЕМЕТТЕРІ
Миллиордер Уоррен Баффет (Американың екінші ең ірі миллиордері) күніне 500 бет кітап оқиды екен.
Америкалық танымал миллиордер Марк Кьюбан өзінің алғашқы бизнесін бастаған кезде кітап дүкеніндегі барлық кітаптарды оқып шыққан.
Адамның миына 45 млн. кітап қоры бар Ресей мемлекеттік кітапханасын сыйдыруға болады екен.
Американың Медиамагнаты Марк Кубан 24 сағаттың үш сағатын кітап оқуға арнаса, Microsoft-тың патшасы Билл Гейтс жыл сайын 50 кітап оқиды.
Табысқа жеткісі келетін тұлғалар университет бітірсе де кітап оқуын тоқтатпайды. Керісінше өмір бойы студент болудан жалықпайды.
Адамдар мен көп араласыңыз. Қысқа твиттерге қарағанда ұзақ мақалалар мен кітаптар оқыңыз. Теледидарды сирек қараңыз.
Бальзак романның 200 бетін жарты сағатта оқиды екен.
Кітап оқуды бастамас бұрын, алдымен оқылуға тиіс әдеби тізімді жасап алыңыз.
Темір тордың аржағында жазылған романдар: Мигель де Сервантестің «Дон Кихот» кітабы, Джон Банянның «Пилигрмнің саяхаты», Оскар Уайльдтың «Түрме тәубесі». Сол сияқты Отандық жазушыларымыздың да темір тордың ар жағында отырып дүниеге әкелеген шығармалары аз емес.
Құтыдағы кітап иісі. Мұндай әтірді де ойлап тапты. Әтір анықтамасында «Paper Passion – баспадан жаңа шыққан кітап парақтарының иісі аңқыған жұпар» деп көрсетілген. Әтірге арналған қорап та ерекше. Оның ішінде құтыдан бөлек көлемі 16,5 -11-3,5 см кітап орналастырылған.
Кітап-қазына. Ол сені он сегіз мың ғаламнан алып шығып шексіз әлемге бастайды. Өкініштісі мұны адамдардың кеш түсінетіндігі.
Кітап оқу үшін ешқандай желінің не wifi- дың да керегі жоқ.
Кітаптың ғұмыры –шектеусіз. Оның тозығы жетпес үшін оны үнемі оқып отыру қажет.
Кітап оқыған кезде адамның екі көзі әртүрлі әріптерге қарап тұрады екен.
Көркем әдебиет адамдарды күйзеліске ұшыраудан сақтайды.
Көп кітап оқыған жігіттер қызға сөз саларда еш қиналмайды. Өйткені қыздар нәзік жанды келеді.
Кітап үшін ең көп қаламақы төлеген Марк Аврели есімді Рим императоры екен.
Кітап оқуға баланы 4-6 жастан бастау қажет. Кейін баланың ынтасы жоғалады. Үшінші сыныпқа дейін кітап оқи алмаған бала өмір бойы кітап оқуды әдетке айналдыра алмайды.
АҚШ кітаптанушыларының зерттеуі боынша 10 жасқа дейін кітап оқуды қалыптастырған бала түрмеге түсу, нашақор болу секілді жағымсыз әрекеттерге баруы екіталай деген қорытынды жасаған.
Атақты кітап ұрлағыш (библиоклептоман) Стивен Блумберг есімді жігіт 23 000 құнды кітап ұрлаған.
Дүние жүзінде көп таралыммен шыққан Агата Кристидің романдары. Оның 78 кітабы әлем бойынша 44 тілге аударылды, таралымы 2 миллиардқа жуық.
Кітап оқу адам бойындағы шығармашылық қабілеттерді, жадыны, сөздік қорды, әдемі сөйлеуді, ойды тез қорытуды, табыс табуда жетістікке жетуді дамытады.
Дайындаған: Ақмарал СЕРІКБАЕВА,
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап
ғылыми кітапхананың кітапханашысы.