КІТАПХАНА ДЕГЕН – ЕРКІНДІК

Кітапхана – ақпарат іздеген адамның келетін жері. Кітап – ақпараттық айсбергтің ұшар басы. Қазір бұрынғымен салыстырғанда балалар кітапханадан көбірек кітап алады. Мысалы, электронды кітап немесе аудиокітап, тіпті, кәдімгі қағазға басылған, өзіміз үйренген кітап та оқылады. Компьютері жоқ немесе ғаламторға қолы жет¬пейтін адамдар кітапханаға келіп, желіге шыға алады. Жұмыс іздеген кезде немесе түйіндеме жіберетін сәтте ғаламтордың көмегінсіз қолымыздың байланатыны рас. Кітапханашылар осындай жандардың өміріне бағыт бере алады. Кітапхана – бұл болашақтың қақпасы. Кітап – өткенмен тілдесудің жолы. Бір мемлекеттің өмір сүрген жасынан да ұзақ өмір сүрген ертегілер бар.
Кітапханалардың жұмыс істеуін қолдау керек. Өзгелердің де кітапханаға баруына мүмкіндік жасап, олардың жабылуына қарсылық таныту керек.
Егер де сіз кітапхананы бағаламайтын болсаңыз, онда сіз үшін ақпараттың да құны жоқ, сіз мәдениет пен дана¬лықты да бағалай алмайсыз. Балаларға кітапты дауыстап оқыңыз. Балаларыңыз неге қызығады, соны оқып беріңіз. Оқығанда да, дауысыңызды құбылтып, оларды қызықтырып оқыңыз. Балаңыз кітап оқи алса да, бұл әдетіңізді таста¬маңыз. Қолыңызға кітап алған сәттен бастап, теледидарды сөндіріп, телефоныңызды дыбыссыз режимге қойыңыз, балаңыз да ештеңеге алаңдамасын.
Әзірлеген: Гауһар Асқарқызы.