Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАНТТЫҢ ПАЙДАСЫ ДА БАР

ҚАНТТЫҢ ПАЙДАСЫ ДА БАР

     Асүй тәттісі – қанттың қыз-келіншектер сұлулығын арттыруға оң септігін тигізетінін көпшілік біле бермейді. Ғалымдар аталмыш тәттінің дене күтімінде бетімізден бастап аяғымызға дейін пайдасы өте көп екенін алға тартады.
Әрине, тек сыртқы теріге қолдансақ. Мәселен, ерніңіз жібектей жұмсақ болсын десеңіз саусағыңызды сулап, содан соң қантқа салыңыз. Сол саусағыңызбен айналдыра қозғап, ерніңізді уқалаңыз. Егер ерніңіз құрғақ және көп жарылатын болса, осы әдіс жақсы көмектеседі. Бұл жерде қант кәдіміг косметикалық скраб рөлін атқарады. Ал, денеге арналған скраб жасау үшін бірнеше бананды езіп, пюре жасаңыз. Сол банан езбесін 1 стақан қантпен араластырыңыз. Нәтижесінде денеге арналған тәтті иісті және ылғалдандырушы скраб аласыз. Мұндай скрабты аптасына бір рет қолданғанның өзі жарайды. Денеңіздің жұмсара түскенін байқайсыз. Тегіс күнге күю үшін де пайдасы мол. Егер сіз жағажайға суға түсуге барсаңыз, денеңіз күнге тегіс күю үшін майлы скраб қолданыңыз. Қантты зәйтүн майымен араластырып, арқаңызға, иығыңызға және аяқтарыңызға жағасыз. Содан соң жуып тастайсыз. Сондай-ақ, қанттың ащы жалбыз майымен қосындысы өкшенің қатаюына қарсы таптырмас ем. Ол терінің өлген жасушаларын қалпына келтіріп, табанды жұмсартады. Жалбыз майы аяқтың терлеуін де кетіреді. Ең бастысы, қолыңыздың жас көрінуін қалайсыз ба? Онда 1 стақан қантты 1/3 стақан зәйтүн майымен және 1 капсула Е дәруменімен араластырыңыз. Дайын қосындымен қолыңызды уқалап, жуып тастаңыз. Содан соң кептіріп, қолға арналған крем жағып алыңыз.
Дайындаған: Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА
30 наурыз 2018 ж. 2 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам