Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » СІРКЕ СУЫН ТҰРМЫСТА ҚОЛДАНУ

СІРКЕ СУЫН ТҰРМЫСТА ҚОЛДАНУ

  Сірке суы көп жағдайда қауіпті. Бірақ ебін тауып, дұрыс қолданса, біраз нәрседе пайдасы бар. Мысалы...

Тұрмыс техникасын қақтан тазалау

Ыдыс жуғыш не кір жуғыш машина қаққа толып қалса, алаңдамаңыз. Оны 1-2 стақан сірке суы тазалай алады. Бар жоғы машинаны бос күйінде іске қосыңыз да, 3-4 минуттан соң, 2 стақан сірке суын жуғыш ұнтақ салатын жерге құйып жіберіңіз. Бұл әдіспен  тек қақты тазалап қана қоймай, 2 аптада бір рет тазалық үшін жасап тұруға болады.

Гүлдердің өмірін ұзарту үшін

Туған күніңізге сыйға тартқан гүл шоқтарының сізге ұзақ қызмет еткенін қаласаңыз, құмыраға 2 ас қасық сірке суы мен 3 ас қасық қантты жылы сумен араластырыңыз да, сол қоспаға гүлді ортасына дейін батырып қойыңыз.

Кеуіп кеткен дақтарды кетіру үшін

1 ас қасық ыдыс жуатын сұйықтық пен 1 ас қасық сірке суын және 2 стақан жылы суды араластырыңыз. Қоспамен кеуіп кеткен дақтарды сүртіңіз.

Көлік терезесі қыстыгүні қатып қалмас үшін

Қыстыгүні көлік терезесінің қырауланып қатып қалуы заңды. Оны еріту үшін жылы суға 3-тің бірге қатынасындай етіп сірке суын қосып, терезені сүртіп шығыңыз.

Құбырға жиналған қоқыстарды жою үшін

Ас содасы, сірке суы мен жылы судың қоспасы құбырда тұрып қалған қоқыстарды да жоя алады. Ол үшін суағарға жарты стақан ас содасын сеуіп, үстіне бір стақан сірке суын құйыңыз және сондай көлемде ыстық су құйып жіберіңіз. 20 минуттан соң, ағып тұрған таза сумен шайып жіберіңіз.

Көгерген тұстарды кетіру үшін

Таза сірке суы үйдің қабырғасындағы көгерген тұстарды кетіре алады. Ол үшін көгерген жерді сірке суымен дымқылдаңыз. Сәлден соң, қатты матамен ысқылап сүртіңіз. Бұл әдіс көгергенді кетіріп, ендігіде қабырғаның көгермеуіне септігін тигізеді.

Микробтарға қарсы экологиялық құрал

Асүйдегі микробтарды кетіруге бір де бір қатынаста мөлшерленген сірке суы мен жылы судың қауқары жетеді. Осы қоспамен асүй жабдықтарын аптасына 1-2 рет сүртіп тұрсаңыз, балаларды да, өзіңізді де микробтардан қорғайсыз. Бұл қоспамен қысқатолқынды пешті, турайтын тақтайшаларды тазалауға болады.

Бақты арамшөптерден тазарту

25 пайыздық сірке суы бақ ішіндегі арамшөптерді тазалай алады. Ол үшін сол арамшөптердің үстіне сірке суын тамызып шығыңыз. Жақсы нәтиже көрсетпейінше, бұл әдісті қайталай беріңіз.

Аквариумды шөгіндіден қорғайды

Сірке суы мен су аквариумды әкті және тұзды түзілімдерден, шөгінділерден тазартады. Ол үшін аквариумды әр тазалаған сайын қабырғаларын осы қоспамен сүртіп отырған абзал. Бұл әдіспен электр шайнектері мен кофеқайнатқышты, пешті тазалап тұруға болады.




09 қазан 2017 ж. 2 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам