Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТЕМПЕРАТУРАНЫ НЕ ҮШІН ТҮСІРУГЕ БОЛМАЙДЫ?

ТЕМПЕРАТУРАНЫ НЕ ҮШІН ТҮСІРУГЕ БОЛМАЙДЫ?

    Адамның иммундық жасушалары дене қызуы 37,2 ° деңгейінде бөлінетін арнайы ақуызға әсер ететіндігі анықталды. Бұл дененің аурумен күтесуін арттырады және адам соның арқасында тез сауығып кетеді.

Бұл туралы Life.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Манчестер мен Уорик университетінің биологтары мен математиктері жоғары температураның адамның иммундық жүйесінің тиімділігіне қалай әсер ететінін зерттеді.  Мұнда ғалымдар жасушалық сағатпен салыстыратын Nuclear Factor, яғни ядролық фактор (-KB) белоктары мбасты рөл атқарады екен.
Тіпті, температура шамалы көтерілгенде 37 градусқа дейін немесе одан сәл жоғары болса да, олар ядроның клеткасында жылдамырақ қозғала бастап, иммундық жүйенің жұмысын жандандырады. Дене  температурасы неғұрлым жоғары болса, ақуыз тезірек қозғалады. Ұрыс жасушалары ісікке, жараға немесе инфекцияға белсенді түрде әрекет ете бастайды. Осылайша, ағза ауруға қарсы тұрып, ем жылдам өтеді.
Ғалымдардың жаңалығы жоғары температураны белгілі бір уақытқа дейін түсіру мүмкін емес деген пікірді растайды. 37,5  градус кезінде қабынуға қарсы препараттарды қолдану ағзаның аурумен күресуінің биологиялық процестерін бұзады. Әрине, әңгіме адамның өміріне қауіп төнген кез немесе 38,5 ° жоғары температура туралы емес.
Осылайша, адамзат тағы бір маңызды жаңалықты ашуға жақындаған секілді. Егер мамандар иммундық жасушалардың ядролық фактор белоктарымен (-BB) ынталандыру үдерісін бақылауды үйренсе, жаңа ұрпақтың препараттарын жасауға бір қадам жақындайды.
23 мамыр 2018 ж. 1 632 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 429 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам