ҚОЛДЫ НЕЛІКТЕН ЖИІ ЖУУҒА БОЛМАЙДЫ?
Дерматологтардың айтуынша шектен тыс тазалыққа құштар болу кері әсерін де тигізуі мүмкін. Сабын кімге және қалай зиян? Біріншіден сабын микробтардың көбеюіне әсер етеді.
Сабынның сілтілі бөлігі көптеген патогенді микроорганизмдер үшін қауіпті емес. Әдеттегі сабын микробтарды өлтірмейді – оның әрекеті терідегі ластануды механикалық тұрғыдан кетіруге арналған.
Сол себепті микробтардың сабында қала беруіне ештеңе кедергі келтірмейді. Егер сабын қоғамдық орында қолданылса ол жерде санитарлық талаптардың ойдағыдай сақтала бермейтіндігі себепті, бүкіл микроб біткенді өн бойына жинап алады. Нәтижесінде бактерияға қарсы әсердің орынына індет ұясы қалыптасуы мүмкін.
Екіншіден, тазайын ата-ананың балалары тез әрі жиі ауырады. Сонымен қатар, ауылда өскен балалар да жиірек ауруға шалдығып қалып жатады. Бұл жағдайда бельгиялық ғалымдар тышқандарды зерттеу арқылы байламға келген.
Үшіншіден, тазартқыш құралдарды жиі пайдалану да организмге зиян. Сіз оны мейлінше жиі-жиі тазартып жуған сайын одан теріде уландырғыш із қалып кетеді. Организмге түскен соң ас қорыту жүйесіне әсер етіп, тыныс алу жолына кедергі келтіріп, аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.
http://stan.kz/