БЕЛГІЛІ АСТРОЛОГ ҚАЗАН АЙЫНДА АДАМДАРДЫ ЖАНЖАЛДАСПАУҒА ШАҚЫРДЫ
Астролог Ирина Абдраимова 2017 жылы қазан айында жұлдыздарды не күтіп тұрғанын айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның болжамынша, қазанның басында адамдар өз бойынша ерекше күш қуатты сезініп, аса сезімтал бола бастайды екен.
"Адамдар өзгелермен танысып, қарым-қатынасы қарыштап дами түседі, әйелдер де өзі бірінші ниет білдіруі мүмкін.
"Алайда Айдың күшті энергетикасы адамдарды ойланбай әрекет етуге итермелейді. Айтқанынан қайтпай қоюы мүмкін. Сол себепті маңызды істерді айдың екінші он күндігіне қалдырған жөн. 5-10 қазан аралығында жанжалдаспау керек, жарақат алу ықтималдығы зор", - дейді Ирина Абдраимова.
https://www.nur.kz/kk/1634228-belgili-astrolog-qazan-ayynda-el-turgh.html