ЖАҚСЫ ТАМАҚТАНҒАНДЫ ҰНАТАТЫН 5 ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІ
Сіз тамақсау адамсыз ба? Сіз үнемі тоймай қалып, қосымша тамақ жегенді ұнатасыз ба? Немесе сіз әр қасық тамақты әбден шайнап, аз жегенді ұнатасыз ба? Бірқатар жұлдызнама белгілері үшін тамақ бәрінен жоғары тұратын дүние. Олар үнемі жаңаның дәмін татып, дәмді тағамдардан еш бас тартпайды. Сіз қай кездері шектен шығып, тамақсауға айналасыз?
1. Тоқты
Бұл жұлдызнама белгісі оқиғаларды жақсы көреді, әсіресе тағамға қатысты шытырман оқиғалар. Егер қалада жаңа мейрамхана ашылса, оның алғашқы қонағы да тоқты болуы ғажап емес. Олар онша жиіркенгіш емес және экзотикалық не үйренбеген нәрсенің дәмін тез татып көргенді ұнатады. Оның ең жаны сүймейтін нәрсесі бір тағамды бірнеше рет жеу. Оның тәбеті тамаша, сондықтан алдына келгенді қайтармайды.
2. Торпақ
Олар тамаққа етене көңіл бөледі. Міндетті түрде неге ұқсайтынын, қандай иіс шығатынын әңгімелейді. Олар әр қадамға ойлана барады, мейрамханадағы тағамдардың мәзірін алдын ала парақтайды. Торпақтар тағам жегеннен ләззат алуға тырысады, сондықтан да тағам трендтеріне, жоғары сапалы қызмет көрсетуге аса мән береді.
3. Арыстан
Арыстан да жақсы тамақтанғанды ұнатады, әсіресе сапалы тағамдарға мән береді. Денсаулыққа зиянды тағамдарды тұтынғанды ұнатпайды, мәселен ешқашан арыстан түскі асын картоп чипсыларына айырбастамайды. Ол жанға жайлы жерді, мықты қызмет көрсетуді, ерекше ас мәзірін, тамаша шеф-аспазды ұнатады. Үйде жиі тамақтануы екіталай, дегенмен де қонақ қабылдап, оларды ерекше тағамдармен тамақтандыруға да кет әрі емес.
4. Таразы
Таразылар тамақтануда белгілі бір кестеге арқа сүйейді: таңғы ас, түскі ас немесе кешкі ас уақыттарын шегелеп тұрып белгілеп қояды, алайда олардың арасында да тіскебасарлардан кет әрі емес. Оларда тіпті екі таңғы ас бірден орын алуы да мүмкін. Тамақты жегісі келсе, ештеңеге қарамайды. Олар үнемі тамақ жегенді ұнатады. Сондай-ақ түнделетіп тамақ жегенді де ұнататын адамдар.
5. Балықтар
Олар тағамға көңіл күйді көтеретін құрал ретінде қарайды, сондықтан да жеке басының жайлылығы үшін үнемі өз тізімі дайын жүреді. Егер балықтарды біреу ренжітсе, олар өздерін жақсы сезінгенше күйзеліп бітеді. Бұл жұлдызнама белгісі фаст-фуд пен көше тағамдарын ұнатпайды, сан алуан халықтардың тағамдарынан дәм татқанды жаны сүйеді. Жеке жан жарасы болған жағдайда тағамды шамадан тыс жеп қояды, яғни олардың көңіл күйі мен тағам арасындай ерекше байланыс бар.
Дереккөз: Flytothesky.ru