ЕШҚАШАН ӨЗІ ТУРАЛЫ АРТЫҚ ЕШТЕҢЕ АЙТПАЙТЫН 6 ЖҰМБАҚ ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІ
Суқұйғышқа тіпті өзінің эмоциясы және сезімдерімен күресудің өзі қиын. Сол себепті ол бұл
сезімдерді тереңге тұмшалап, ұмытуға тырысады. Өз сөзіне сенсеңіз, онда бәрі тамаша, ал тек
жақын туыстарының өзі кей кездері оның ішкі әлемінде ненің болып жатқанын әзер біліп жатады.
Торпақ
Таңғаларлық сенімсіздікке ие адамдар. Сәйкесінше, торпақтар өз құпиялары мен сезімдерін
өзгелерге паш етпейді. Егер онымен ашық сөйлескіңіз келсе, ұзақ уақыт қасында жүріп, сенімінен
шығуға тура келеді. Және де сізге құпиясын ашқан соң ғана ол сізді жақын тартып, адал
досыңызға айналады, сеніңіз.
Бикеш
Өте тәуелсіз және өзін-өзі қамтамасыз ете білетін жұлдызнама белгісі. Ол өз кезегінде кез келген
мәселені шешеді және үнемі жеңіске жетеді. Немесе тығырықтан жол таппай – қатты қиналады.
Бірақ бикештер өте тұйық келеді, жалғыздықты ұнатады.
Тауешкі
Керемет прагматиктер, олардың ойынша эмоция мен сезімнің түк те қажеті шамалы, бұлар
бизнеске, қарым-қатынаста, өзін-өзі дамытуда кері әсерін тигізеді.
Сәйкесінше, ол сезімдерді қоршаған ортадан емес, өзінен де жасыруға тырысып бағады. Алайда
олар да ет пен сүйектен жаралған адамдар, жақын достың алдында өз сезімдеріне ерік беретін
кездері де бар.
Таразы
Ол өзін еркін және бірқалыпты адам ретінде санайды, ал кейбіреулер үшін ол - жансыз және
сезімсіз. Бірақ бұл олай емес. Таразылар адамдарға қиындық әкелмес үшін, жүрегін жараламас
үшін, көңілін қалдырмас үшін өз сезімін білдіруден аулақ болып, қарым қатынастан үнемі
тысқары жүреді. Барлық сезімді өзінде жинақтай жүріп, бір күні жарылады. Кей кезде таразы
жұлдызнама белгісіндегі адамдардың жарылғанын күтпей, ашық әңгімелесу тарту анағұрлым
дұрыс.
Сарышаян
Қызуқанды және эмоционалды келеді. Сол себепті әрдайым өзіне ие болып, шектен шықпауға
тырысады. Тыста жүргенде үнемі суық көрінеді, өз сезімдерін үй жағдайында, достардың
арасында сыртқа шығарады.
Дереккөз: moimozg.ru