Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖҰЛДЫЗНАМАҒА СӘЙКЕС СІЗГЕ ҚАЙ ЕЛДЕ ӨМІР СҮРУ ҚАЖЕТ

ЖҰЛДЫЗНАМАҒА СӘЙКЕС СІЗГЕ ҚАЙ ЕЛДЕ ӨМІР СҮРУ ҚАЖЕТ

Сіздің тағдырыңыз қайсысы?

Тоқты

Прагматикалық және мақсатшыл Тоқтылар өздерінің ең жақсы қасиеттерін Германияда немесе Австрияда көрсете алады. Бұл елдерде, қала болғанына қарамастан, олар өздерінің ең жақсы қасиеттерін ашып, неге қабілетті екенін көрсетуге мүмкіндіктері бар.

Торпақ

«Жер» адамдары – Торпақтар тамаша табиғатқа, құнарлы жерге және ашық адамдарға құмар, сондықтан оларға Балқанда, мүмкін Черногория, Болгария немесе Молдовада өмір сүру керек. Ол жақтарда ең дәмді шараптар бар, оны адамдар әзіл-қалжыңмен әрі шын ниетпен сатып алады. Торпақтар жан қалауын еркін ала алады.

Егіздер

Шығармашыл, бірақ прагматикалық егіздер көп ғасырлық мәдениеті «озық» заманауи өмірге үйлесетін елдерде өз бақыттарын табады. Бұл Жапония, Ұлыбритания немесе Құрама Штаттар болуы мүмкін. Егіздердің мұхит жағалауында жақсырақ орнығып алған соң, шығармашылықпен айналысуы Жұлдызнаманың бұл белгілерінің әлеуетін толық ашуға көмектеседі.

Шаян

Нағыз гуманистер – Шаяндар Үндістанда өмір сүру үшін жаралған. Олардың өмірге көзқарастары мен жақындарына көмектесуге деген ықыластарынан туындайтын патриархалдық көзқарастары бұл елде өзінің жан қалауын тауып, бақытты өмір сүріне көмектеседі. Айтпақшы, тек Үндістанмен шектелмеңіз. Осы жұлдызнама өкілдері Тибетте, Филиппинде, Вьетнамда немесе Қытайда өздерін жайлы сезінеді.

Арыстан
Ақылдылықтың белгілерін сезінетін нәзік арыстандар өздерінің  жан қалауы Еуропаның орталығында екенін сезінуі мүмкін. Бұл Бельгия, Монако, Дания немесе Швеция болуы ықтимал, яғни, монархия әлі де басқаратын елдер. Арыстандар өмір сүру үшін оқиға ортасында болуы үшін астананы міндетті түрде таңдап алады.

Бикеш
Педантикалық, жайбарақат және сезімтал Бикештер Ұлыбритания, Жапония, Чехия немесе Швейцария сияқты ең қатал елдерде өз бақыттарын таба алады. Олар бейбітшілік сүйгіш ортаны, заңдарды сақтауды және ұлттық құндылықтарды ұстануды ұнатады. Мұндай жағдайда, Бикештер туғаннан өздері ұмтылатын дүниені табады.

Таразы

Бұл жұлдызнама белгілерінің өкілдері сұлулық пен мәдениеттің танымал білгірлері болып есептеледі. Олар Голландия, Чехия, Италия немесе Англияны ұнатады. Дәл сол елдерде көп ғасырлық тарихи дүниелер бар. Таразылар олардың барлық сән-салтанатын сезініп, өткен уақыттың қуатын түйсіне алады. Шындығында, бұл елдердегі өмір жайлы болуы үшін қарбалас өмірі көп астанадан алыстау қоныстанып, тыныш әрі жайлы қалаларды таңдауға тура келеді.

Сарышаян

Жүрегі «лапылдаған» сарышаяндар өз мінез-құлығына сәйкес Бразилияны мекен еткені орынды. Бұл тұлғалар өздерін Рио-де-Жанейроның бай аудандарында да, қаланың лашықтарында да жайлы сезінері анық. Бұл жұлдызнама белгісіне сонымен қатар Латын Америка елдері, атап айтқанда Колумбия мен Венесуэла да жарай береді.

Мерген

Еркіндікті ұнататын мергендер Грекияда, Мальта аралында, сонымен қатар «Еркіндік аралы» Кубада өздерін үйдегідей сезінетіні анық. Теңіздің жағасында орын тебу еркіндіктің дәмін татуға мол мүмкіндік береді.

Тауешкі

Тауешкілер өздерін Мысырда, болмаса скандинавия елдері - Норвегия мен Швецияда жайлы сезінері хақ. Қоныстану аймағы ретінде астанасы орналасқан қалаларды таңдау қажет, өйткені бұл қалаларда ғасырлар бойғы мәдениет заманауи технологиялармен астасып жатыр.

Суқұйғыш

Қабағы әрдайым ашық суқұйғыштар барлық жерде де өздерін жайлы сезінеді, ал нағыз үйлесімді Ресейден табары белгілі. Негізінен Ресейдің ортаңғы бөлігі олар үшін нағыз қоныс тебуге болатын жер, өйткені орыс жан дүниесінің кеңдігі мен батырлығы біте қайнасып жатыр.

Балықтар

Бұл жұлдызнама белгілеріне суы жақын жерлерде қоныстанған абзал. Бұл Голландия не Финляндия болуы мүмкін, немесе Австралия және Таиланд. Және де тыныш аудандарында орналасып, табиғатпен кең тыныста өмір сүру олардың жақсы қалыптасуына әрі талантының ашылуына мүмкіндік береді.

Дереккөз: Клубер
25 тамыз 2018 ж. 1 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам