Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘР ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІНІҢ ҚАС ЖАУЫ

ӘР ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІНІҢ ҚАС ЖАУЫ

    Дау-дамай мен ұрыс-керістің қаһарманы болмас үшін жұлдызнама белгілері кімнен аулақ болғаны дұрыс?

Әр адамның өмірі күтпеген немесе сәтті жағдайлардан тұратыны белгілі. Бір адаммен белгілі бір тарихи оқиға бізді байланыстыратыны да ақиқат, біз күлуіміз не жылауымыз мүмкін, ашулануымыз мүмкін, ұстамдылық танытпағанымызға қынжылуымыз, болмаса үндемей қалуға шыдамдылықтың жетпеуіне өз-өзімізге ренжуіміз мүмкін - мұның бәрі де біздің өміріміз. Егер әңгімелесу үстінде қарсыласыңызбен түсіністік тамаша болса, сіздің жолыңыздың болғаны. Ал егер, кездестірген адамыңызды көргенде ішіңіз өртеніп, ашуланшақтығыңызды байқасаңыз, әңгімеге араласпай, кете барғаныңыз орынды. Ендеше, Жұлдызнама белгілеріне тиесілі өкілдер дау-дамай не ұрыс-керіс тудырмас үшін, кімдерден аулақ жүргені абзал?

Тоқты балықтардан аулақ жүргені абзал, өйткені бұл екі жұлдызнама белгісі тіл табыса алмайды. Балықтар сезімтал келеді, ал тоқты тік мінезді. Нәтижесінде Тоқтымен әңгімеге араласқан балықтар оңбай опық жеуі мүмкін.

Торпақтар  егіздерді айналып өтіңіз. Алысты болжай алуға қабілетті және тәжірибелі торпақтар нені күтуді білмейтін жауапсыз адамдарды әсте ұнатпайды. Егіздердің тосын сыйын ұнатпақ түгілі, оларды су қаны сүймейді.

Егіздер бикештермен еш достаса алмасы анық. Бикеш тазалық пен тәртіпті ұнатады, егер торпақтар оларды жауапсыздығы үшін кінәласа, бикеш үшін бәрі өз орнында тұруы тиіс, яғни егіздер әр қадамға жауапты болуы керек. Мұны егіздердің құп алары екіталай.

Эмоционалды және сезімтал шаян тік мінезі мен салқындығы үшін тауешкіні ұнатпайды. Тауешкі міндетті түрде шаянның үлкен істерге, махаббат өсегіне деген зор ынтасын сынай біледі.

Өзіне сенімді және өркөкірек арыстандарға таразылармен тіл табысу өте қиынға соғады. Арыстанның көз алдында таразы сынауды білетін, сәл нәрсеге дабыл қағып, қоңыраулатын жұлдызнама белгісіндей елестейді. Айқас туған жағдайда алаңнан екеуінің де тірі шығуы екіталай, дегенмен арыстан арыстандығын көрсетері хақ. 

Тәжірибелі, тұрақтылықты жаны сүйетін бикештер Мергендерді ешқашан түсінбейді және тосын жайларды ұнататын мергендерге еш үйреніспейді. Жұмысқа деген жауапсыздық мәселесін бикеш түсінгісі келмейді. Мұндай қарым-қатынасқа бикештің жыны келеді, сол себепті, мергенмен қарым-қатынас орнатуға асық емес, өйткені оның жауапсыздығының деңгейін біледі.

Тыныштықты жаны сүйетін, үйреншікті өмір сүру салты бар таразылар шаяндармен әңгімелесуден кейін жүйкесі сыр бере бастайды, өйткені шаяндар өз проблемаларын түймедейді түйедей етіп жеткізеді. Таразылармен сырласа отырып, шаяндар өзінің жыны мен зәрін оларға шашатыны анық.

Сарышаян арыстанды өзіне үлкен қарсылас санайды, өйткені екі жұлдызнаманың табиғаттан берілген басқаруға деген бейімділігі, құлшынысы бар. Сарышаян үнемі арыстанға өзінің қожайын екенін дәлелдегісі келеді, екеуінің арасындағы ұрыс-керіс содан шығады.

Мергендер торпақтарды еш түсінбейді. Торпақтардың тұрақтылықты сүюін мерген еш ұқпайды. Мергеннің ұғымында өмір біреу, оны өзіңе ұнағандай өткізу керек, біреудің қателігіне қарағанша, өзің де қателік жасап көру керек деген ұстанымды ұстанады. Мергеннің көзқарасы бойынша, торпақ іш пыстыратын, жаттығусыз парашютпен секірмейтін, аймақты танымай үш күндік демалысқа да бармайтын, өзгеріске жаны хас адам. Бұл мүлде дұрыс емес деп танып, өз жөнімен кетеді.

Тауешкі тоқтылардың алдында үнемі алысты болжағыш саясаткер секілді көрінгісі келеді. Бірбеткей тоқты өзі секілді бірбеткей тауешкі жолына тұрса, міндетті түрде соғыс ашады. Екеуі де мүйізді жұлдызнама белгілері, соғыстан қашу екіталай.

Суқұйғыш өз әңгімесінде бұл мәселені бейбіт жолмен шешу мүмкіндігі болса да, үнемі сарышаянды араластырып, қағытып отырады. Алайда сарышаян да өзінікін жібермей, оны өз орнына қоя біледі.

Ең ойшыл жұлдызнама белгілері ретінде балықтар мен суқұйғыштарды атауға болады, алайда бір сауалға екі өкілдің жауабы екі түрлі келеді. Өмірдегі ұстанымдары мен мақсаттары бұл екі жұлдызнаманың сөзге келіп, ренжісуіне сеп болуы әбден мүмкін.

Дереккөз: Клубер
28 тамыз 2018 ж. 1 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 428 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам