Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АҚША ШАҚЫРАТЫН ЫРЫМ БАР

АҚША ШАҚЫРАТЫН ЫРЫМ БАР

      Сіз оған қаншалықты сенесіз?
Кім бай болғысы келмейді, иә... Енді біреуі қиналмай-ақ табыс табуды армандайды. Келесі біреу ырымға сенеді. Ал, сіз сенесіз бе? Мынадай ырымдар баршылық екен.
Дастарқанның үстін қолмен сүртуге болмайды, міндетті түрде шүберекпен, әpi қиқымды қолға емес, ыдысқа салу қажет. Ұдайы жасап көpiңіз, әpi қаржылық жағдайыңыздағы өзгepicтi де бақылауды ұмытпаңыз.
Күн батқаннан кейін ақша санамауға тырысыңыз. Егер санауға тура келсе, бipeyгe жасатқаныңыз жөн.
Егер ciз сатушы болсаңыз, ақшаны қолма-қол алып, ал қайтарар кезде үстел үстіне қойғаныңыз абзал.
Бай, қалталы адамдардан қолма-қол ақша алуға тырысыңыз.
Көп жағдайда үйде бос шыны ыдыстары – банка, жәшіктер тұрып қалады. Бұлар – «Қара үңгірлер» үйге келген кірістің бәрін тартып кетеді. Егер сіз бос ыдыстарды тастауға шамаңыз келмесе, ішіне бірнеше дән немесе тиындар тастаңыз. Үстел үcтіне бос шыны қоймау да осыдан шыққан.
Жаңа ай туғанда басыңызды иіп сәлем беріп, сосын ақша, алтын, күміс көрсетіп: «Жаңа ай қалай өciп келе жатса, маған сондай ақша келсін» деп айту керек екен.
Сейсенбі күні қарыз сураудан аулақ болыңыз, кем дегенде бip ай бойы қарызда жүресіз деген ұғым бар.
Әруақытта ақшаңызды әмиянда ұстаңыз. Ақша қалтаңызда қалай болса, солай шашылып жатса кіріс кірмейді. Яғни, бұл ақшаның да өзін баптамайтын жерге барғысы келмейтіндігімен түсіндіреді. Әмияныңыз жыртылмаған, әрі таза терілерден жасалынғаны болуы керек. Сонымен қатар әмиянға ақшаларды рет-ретімен және де мыжымай салғаныңыз дұрыс.
Әмияныңызда доллар болмаса тұмар ретінде ескі тиын салып жүріңіз. Келесі ақшаны шақыратын болады.
ТІЛШІ ТҮЙІНІ: Қарапайым ғана ережелер, иә. Мүмкін, расымен бір септігі тиіп қалар. Лайым, қалтаңыз қалыңдап жүрсін демекпіз.
                                                                Дайындаған: Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
21 қыркүйек 2018 ж. 6 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам