Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СІЗ ЫРЫМҒА СЕНЕСІЗ БЕ?

СІЗ ЫРЫМҒА СЕНЕСІЗ БЕ?

    Ырым-тыйым арқылы бала тәрбиелеу, жат әдеттерден тыю, туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді ескерту және т.б. нәрселер ұлтымыздың рухани кеңістігінде әлі күнге дейін сақталып келе жатқан әлеуметтік мәні терең дәстүр.Халқымыздың ұлттық болмысынан ырым-тыйымдарды бөле-жара қарауға болмайды.
Мысалы: Жұлдыз ақса, оны көрген кісі «Менің жұлдызым жоғары» деп айту керек;  Бала сүт тісі түссе, оны майға орап «Жасық тісімді алып, өткір тісімді бер» деп итке беруі керек. Үйдің іргесіне ит сарыса, құт құйылады. Ерттеулі тұрған ат сілкінсе, жын-шайтанды үркітіп жатқаны деп ырымдалады.

Ырымдардың барлығы бірдей жақсылыққа кенелтетін болжамдармен ғана емес, адамға төнетін қауіп-қатер туралы да жорамал жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, түнде жолыңда сиыр жатса, сапарың оң болмайды. Оқпақ шақырса, бие құлын тастайды. Алдыңнан түлкі қашса, сапарың сәтті болады. Қазақтың ырым-тыйымдарының астарында сан түрлі тақырыпты қамтитын мәдени-этикалық тәрбиелеу таңбалары жатыр. Дәстүрін дәріптеп, салтын сақтаған атам қазақ ырым-тыйымдары арқылы тәрбие берген. Ырым-тыйымның пайдасы да ұшан-теңіз...

Ақша өзін санайтын адамды сүйеді. Сондықтан біреуден ақша  алғанда, дүкендегі сатушы артық ақшаны қайтарғанда міндетті түрде санаған абзал. Жұма күні мешітке барып, ақша беріңіз. Жәшікке салар алдында: «Мешіт ана бола алмаған адамға мен әке емеспін» деп айтыңыз. Қалтаңыз молаяды.

Жаңа ай туғанда біреуден қарыз ақша алып, ай толған уақытта ұсақ ақшамен қайтарыңыз.

Түнге қарай ақшаны кленкаға ораңыз. Олар өзге ақшаны өзіне қарай тартады.

Үйдің әр бұрышына тиын тастаңыз. Оларды сыпырмаңыз. Әр тиынды тастаған сайын «барлық тиын маған кел» деп айта беріңіз.

Әмияныңызда қаражат бітіп қалса, әминыңыздың бір бұрышына 100 теңгені, бір бұрышына 10 теңгені қойыңыз.

Үйдегі терезенің алдына айдың ортасында тиындарды тастап қойыңыз. Ақша шақырады.

Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.

Тырнағыңызды бейсенбі, жұма күндері алыңыз, ақшаңыз көбейеді.

Тиынға түкіріп сандыққа немесе әмияныңызға тастаңыз. Осындай ырыммен сандық түбіне алтын тығып қойсаңыз болады.
Үйіңіздің бір бұрышына балықтың тазартылған сүйегі ілініп тұрсын.

Сыпыртқының басы үнемі жоғары қарап тұруы керек.

Дүйсенбі күні ине сатып алып, бейсенбі күні оған жіп өткізіп, киіміңіздің ішкі жағына қадап қойыңыз.

Ақшаны сол қолыңызбен алып, оң қолыңызбен беріңіз.

Сәби шалқасынан жатып башайын тістесе, оны "үйірін шақырып жатыр" деп ырымдайды. Яғни оның соңынан тағы бір бала келеді деген ұғым бар.

Сәби көзін ашып ұйықтаса - жары сұлу болады.

Баланы бесікке саларда ешкім сөйлемейді. Егер біреу сөйлеп қойса бала жылауық, өскенде өсекші болады.

Қалжа жемеген әйелдің баласы ынжық, болбыр, икемсіз болып өседі.

Әкесі тірі адам бас ұстаса әкесі өліп қалады.

Ми жемейді, мидай былжыр, бос белбеу, ынжық болып өседі.

Омыртқаның жұлынын жесе - суға кетіп қалады.

Нанның қиқымын жесе - бай болады.

Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлап қалса - үйге береке, ырыс, байлық келеді. Оны төрге апарып үш рет аунатады.

Бейсенбі күндері түнге қарай алтын заттар мен тиын салынған суға шайынып тұрыңыз. Мұндай әдісті әсіресе қасиетті ай мен күн туғанда жасаған  жақсы.

Жаңа туылған сәбидің астына бума ақшаны салып қойыңыз.

Жаңа ай туғанда әмияныңызға толтырып тиын салып, айға қаратып сықырлатып қозғаңыз. Мұндай кезде тиынды көкке лақтырып, қағып алуға болады.

Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса, оның "жол ашқаны", күткен жолаушы немесе қонақ келеді.

Дереккөзі: "Айқын" газеті
14 желтоқсан 2017 ж. 2 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам