САҚИНАНЫҢ АСТЫ НЕГЕ ҚАРАЯДЫ?
адамның алтын сақинасынан қолында қара дақ қалатын болса, онда ол адамның қанында ауыр металлдардың тұзы болуы мүмкін деп жиі естиміз. Мысалы, сынап хлориді ауызсуға, топыраққа түссе адамның орталық жүйке жүйесін зақымдайды және адамның бауырына әсері өте жаман, тіпті ірітіп жіберуі мүмкін. Таза алтын ашық сары түсті, өте жұмсақ металл. Оның таза күйіндегі қаттылығы адам тырнағының қаттылығындай ғана екен. Сондықтан әшекей бұйымдарды, ақша монеталарды жасауға қаттылық қасиетін арттыру мақсатында алтынға кейбір түсті металлдар қосады. Олар мыс және никель. Және қандай мөлшерде қосылғандығы әшекей бұйыммның ішкі жағында штамппен белгіленуі болады. Оны біз "алтынның пробасы" деп жүрміз. Ал, енді саусақта сақина астында қалатын қара даққа келсек, оның құрамындағы мыс немесе никельдің адамнан бөлінетін терге әсері немесе қолға жаққан кремдердің, косметиканың әсері болуы мүмкін. Ал химиялық тұрғыдан, алтын тек қана сынаппен әректтеседі. Демек, ауыз суы сынаппен ластанған жерлерде немесе сынаптың буы бар жерлерде адамдардың алтын сақиналарының асты қараюы мүмкін.Тұрмыста сынаптың буымен ауаның ластануы жиі кездесіп жатады. Сондықтан егер сақинаңыз қарайса, онда үйіңізді тазалап, ауызсуды тексерткен абзал.
Дайындаған: Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.