ТАРБАҒАТАЙДАН ТАҒЫ БІР «АЛТЫН АДАМНЫҢ» ТАБЫЛҒАНЫ РАСТАЛДЫ
Дәл қазір Өскеменде Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауында жүргізілген археологиялық зерттеулердің алғашқы нәтижелері БАҚ өкілдеріне таныстырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл - Шығыс Қазақстан жерінен табылған бесінші «Алтын адам». Қазба жұмыстарына жетекшілік еткен академик Зейнолла Самашев табылған «Алтын адамның» еш бүлінбегенін айтады. Барлық алтын бұйымдар сол күйінде сақталған. «Бұл - біздің заманымызға дейінгі VIII ғасырға жататын Ерте сақ дәуірінің мұрасы. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамнан» да көне. Екеуінің арасында 3 ғасыр айырмашылық бар. Осылайша араға 50 жыл салып қазақ даласынан екінші рет тоналмаған «Алтын адам» табылды» - дейді археолог. Елеке сазында жерленген адамның жасы 16-17 жас мөлшерінде деген болжам бар. Оның қасына ересек адам қойылған екен. Археологтың айтуынша ол қатты тонауға түскен. «Ал бозбаланың мүрдесін тонаушылар байқамаса керек» – дейді ғалым. Еске сала кетейік, біз осыған дейін Шығыс Қазақстанда Алтын адамның табылғаны туралы жазған болатынбыз.