ГАЗДАЛҒАН СУСЫННЫҢ ҚАУІПТІ ЕКЕНІ ДӘЛЕЛДЕНДІ
Бен-Гурион университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу жұмыстары газдалған сусындардың уақыт өте келе ішкі ағза жұмысын бұзатынын көрсеткен. Ал ұзақ уақыт тұтынғанда онкологиялық аурулардың пайда болатыны дәлелденген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru порталына сілтеме жасап.
Ғалымдар газдалған сусындар жөнінде мәлімет жинай келе, оның құрамындағы фосфат заттары ішек жұмысын бұзатынын анықтаған. Сонымен қатар, сусынды тәтті ете түсетін қоспалар ішек микрофлора жұмысын бұзып, оны тіптен жойып жіберетіні дәлелденген.

Тышқандарға сынақтар жүргізіліп, жасанды тәттілендіруді қабылдағанда олардың ағзасының жұмысы өзгергені байқалған. Көп мөлшерде тәттілендірілген затты үнемі қабылдап келген тышқанның тіндері зақымданып кеткен.