ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ЖӨНІНДЕ АРНАЙЫ ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №8 П.Д.Осипенко атындағы орта мектеп базасында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануға, пайдалы тағамдар және зиянды тағамдар жөнінде кеңестер беріліп, слайдтар көрсетілді. Дұрыс тамақтанудың ережелері, дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары туралы айтылды.
«Әлемдегі ең пайдалы азықтар» балық, ет тағамдары туралы, сүт, жұмыртқа, жаңғақ, жеміс-жидектерден алма, банан, жүзім т.б. С дәруменге бай жемістер мен оның пайдасы жайлы айтылды.
Тәтті газдалған сусында көп мөлшерде қант қолданылатынын, мұндай сусындар қант диабетімен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті, тек диабет ауыратын адамдар үшін емес тағы бауыр, бүйрек, асқазан, ауыратын адамдар үшін де қауіпті. Бұндай сусынның орнына химиялық қоспалар аз сусындарды ішкеніміз жөн.
Картопты «Фри» - дің құрамында аса қауіпті заттар бар, көп көлемдегі майлар мен акриламид токсидті зиянды заттардың бар екендігі жәнеде осы акриламид токсидті зиянды зат екенін ғылымда дәлелденгені айтылып, ол адамның психикалық жүйесіне және генетиканың өзгеруіне ықпалын тигізетіндігі жөнінде түсіндірілді.
Мектеп медбикесі дұрыс тамақтану ережелері жайлы зиянды тағамдар туралы қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, пицца, чипсы, кириешки, қуырылған картоп және түрлі газдалған, кока-кола, спрайт атты сусындардың көп екенін, олардың сапасы мен құрамы, олардың денсаулыққа әсері қандай екені туралы айтты.