Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚҰЛАҚҚАПТЫҢ СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚАУІПТЕРІ

ҚҰЛАҚҚАПТЫҢ СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚАУІПТЕРІ

Музыканы құлаққап арқылы тыңдау өте ыңғайлы. Себебі, бұл айналадағылар үшін ыңғайсыздық туғызбайды және сүйікті композициялардан толық ләззат алуға мүмкіндік береді. Сондықтан көптеген адамдар серуендегенде, бос уақытта немесе спортпен шұғылдану кезінде құлаққаптарды пайдаланады. Бұлай жасау әуел баста жастардан көп байқалатын болса, қазір егде жастағы адамдар да жастардан қалысар емес.

Құлаққаптардың кері әсер ету себептері • Музыканы динамиктер, колонкалар немесе басқа құрылғылар арқылы тыңдау қауіп төндірмейді, өйткені дыбыстық толқындар реттеуге ұшырап, құлаққа табиғи жолмен енеді. Ал, құлаққаптардың зиянды әсері құлаққа бөгде затты орналастырудан емес, дыбыстың тікелей берілуінен болады екен. • Музыканы тыңдау кезінде ағзадағы дыбыстық шабуылдардан сақтау механизмі іске қосылады. Ал бұл процестің көп қайталанауы, есту қабілетінің төмендеуіне себеп болуы мүмкін. • Зерттеушілер зиян құлаққаптарды пайдаланудан емес, музыканың дыбысын тым қатты қойып тыңдаудан пайда болады деген пікірде. Ал дәрігерлер құлаққапты телефонға жалғап тыңдау басқаларға қарағанда қатты зиян тигізеді деген пікір білдірген. • Құлаққаптағы дыбыс деңгейі есту қабілетіне қарама-қарсы болады. Себебі, дыбыс деңгейін арттыру дыбыс толқынымен берілетін қысым мен энергияның өсуіне әкеледі. Ал қатты қысымға көп ұшыраған адам құлағының есту қабілеті тез нашарлайды. Есту қабілетінің нашарлауы емделмейтін ауру болып есептеледі. Оның бастапқы сатыларында дәрі-дәрмектермен емделуі мүмкін, бірақ оның әсері 3-4 тәулікке ғана жетеді. Ал өршіген аурудың емі – тек есту аппараты болып қалады.

ERNUR.KZ
19 қараша 2018 ж. 1 672 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 079 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам