"ҮТІКТІ ТОҚТАН СУЫРДЫМ БА?"
Есте сақтау қабілетінің нашарлауы тек жасы ұлғайған адамдарға емес, мектеп оқушыларына да, студенттерге де таныс мәселе. Неліктен есте сақтау қабілеті нашарлайды және онымен қалай күресу керек?
Есте сақтаудың бірнеше түрлері бар, соның ішінде неврологиялық немесе нервтік есте сақтауды қарастырамыз.
Біз нервтік есте сақтаудың арқасында болып жатқан жағдайды және басқа ақпаратты есте сақтаймыз. Орталық жүйке жүйесі сөзбен жеткізетін ақпаратты ғана емес, сезімді және әсерді де сақтайды. Алайда, адамды көбінесе телефон нөмірі мен күндерді, есімдерді есте сақтамағандығы мазалайды. Егер адамның есте сақтауы нашарлай берсе, ол маңызды кездесу секілді жағдайларды да ұмытып кетуі мүмкін. Есте сақтауды жақсарту үшін алдымен нашарлауының себебін біліп алу керек. Есте сақтау қабілетінің нашарлауы қандай да бір аурудың туындауынан болуы мүмкін. Ол кезде тек дәрігердің көмегімен емделуге болады. Егер шаруа аса ауыр ұмытуда болмаса, тек бұрын орын алмаған түсініксіз есте сақтаудың нашарлауы болса, оны өз күшіңізбен қалпына келтіруге болады. Көпшіліктің есте сақтауы бірдей себептерден нашарлайды. Ең алдымен, ол – психоэмоциялық өзгеріске ұшырау, яғни, күйзеліс, қобалжушылық, депрессия жағдайында болу. Тіпті, бірдеңені есігіңізге түсіре алмай тұрсаңыз да, сабырлы болыңыз: толыққанды демалыс пен жағымды эмоциялар жағдайды жақсартады. Демалып жатқанда, логикалық тапсырмалар шешіңіз және қызықты кітап оқыңыз. Ал таусылмайтын сериалдар мен телешоулар қарағаннан еш пайда тимейді. Балалардың есте сақтау қабілетін жақсарту үшін арнайы ойындар ойнатуға болады. Асығыстық пен жанталасып жүру әдеті алаңғасарлық пен ұмытшақтықтың қалыпты нәрсеге айналуына әкеледі. Адам асыққан кезде ол не істегеніне мән бермейді де, ол тағы да уайымдауға себеп болады. Мысалы: "газды өшірдім бе?", "үтікті тоқтан суырдым ба?", "есікті кілттедім бе?" және т.б. Оның себебі күнделікті бұл әрекеттер асығыстықпен автоматты түрде жасалады. Осы "автоматты" өшіріп, барлығын саналы түрде жасап үйрену керек. Өзіңіздің әр қимылыңызды бақылаңыз, істі маңызды және маңызды емес деп бөлмеңіз. Белсенді және дұрыс өмір сүру салты – есте сақтау қабілетін қалпына келтіретін және сақтайтын ең керемет құрал. Әркімнің фитнеспен айналысуға мүмкіндігі немесе уақыты бола бермейді. Сондықтан таза ауада серуендеу жайлы ұмытпаңыз. Мүмкіндік болған сайын жаяу жүруге тырысыңыз. Ал алкоголь мен темекі туралы ұмытыңыз, олар ақпаратты меңгеру және сөздер мен бейнелерді есте сақтау қабілетін нашарлатады. Есте сақтау қабілеті нашарлауының негізгі себептерінің бірі – дұрыс тамақтанбау. Адамдардың көпшілігі тамақтың пайдасына қарап емес, жылдам, дәмді және тойымды болғанына қарап тамақтанады. Есте сақтау қабілетін жақсартатын тағамдарды ұсынған болатынбыз. Есте сақтау мен зейін қоюды әрдайым жаттықтыру керек. Америкалық нейробиолог Л.Катцаның кітабында осы процестерді жылдамдататын әдістер келтірілген. Олар арқылы мидың түрлі бөліктері қызмет етіп, жаңа нейрондық байланыстар пайда болады. Мысалы: үйде жабық көзбен жүріп үйрену, жабық көзбен шаш тарау, сол қолмен тіс тазалау, жаңа тіл үйрену және т.б. Яғни, қарапайым істерді сіз үшін үйреншікті емес әдістермен орындау керек. Бастысы, кез келген мәселеден, жағымсыздықтан бізді салауатты өмір салты мен позитивті ойлау құтқаратындығын ұмытпаңыз.
massaget.kz