Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СУ АСТЫНДА 25 ЖЫЛ ҰЙЫҚТАҒАН ҚАЛАШЫҚ

СУ АСТЫНДА 25 ЖЫЛ ҰЙЫҚТАҒАН ҚАЛАШЫҚ

Осыдан бірнеше күн бұрын күллі әлем халқы "ақырзаман жетті" деп дүрліккені бар еді, бүгін сіздердің назарларыңызға алып-қашпа әңгіменің арқауына айналып жүрген сол "ақырзаманды" басынан кешпесе де, адам шошырлық халге тап болған мекен туралы мәліметтерімізді назарларыңызға ұсынбақпыз. Оқып отырып, тәубеңізге келмеске шараңыз қалмайтындығына сенімдіміз.
Әңгіме - Эпекуэн қаласы туралы. Бүгінде өлім құшып жатқан Эпекуэн Буэнос-Айрестен (Аргентина) 600 шақырым жерде жатқан бұрынғы шипажай болатын.

Қала 1920 жылдары тұрғызылып, жарты ғасыр уақыттан кейін туристердің алыстан іздеп келетін ең танымал шипажайына айналған. Өйткені, мұндағы Лаго Эпекуэн атты тұзды көлдің адам денсаулығына пайдасы шаш-етектен болатын. Ал қазір оның орнында қираған үйінділер ғана жатыр... 25 жыл бұрын қалашық су тасқынының құрбаны болған. Туристердің "Меккесіне" айналған Лаго Эпекуэннің тұздылығы кез келген мұхит суынанан 10 есе тұзды болатын, яғни, Өлі теңізден кейінгі орында тұрған бірден-бір өзен десе де болады.
Мұнда адамдар күйзелісті, сарп ауруын (ревматизм), тері ауруларын, қаназдықты, қант диабетін емдеу үшін ағылып келетін.
Эпекуэнге ең алғашқы тұрғындар ХІХ ғасырдың соңында қоныстана бастады. Кейіннен теміржолдар жүргізіліп, шипажай тұрғызылғаннан кейін тұрғындардың саны ғана емес, шетелдерден келетін туристер саны күрт өсе түсті.
ХХ ғасырдың ортасында жыл сайын 2500 саяхатшы келетін болса, 1970 жылдары олардың саны 5000-нан асты. Сол кезде Эпекуэнде қонақ үйлер мен жатақханаларды, бассейндерді, дүкендер мен мұражайларды қосқанда 300 мекеме жұмыс істейтін еді. Алайда Табиғат-Ана бұл өлкеге мейірімділік танытпады. Жиі болатын жауын-шашынның әсерінен өзен суы арнасынан асып, 1985 жылдың қараша айының оныншы жұлдызында аса жойқын су тасқыны орын алды да, күллі Эпекуэнді тұзды су басып қалды.
1993 жылы су деңгейі 10 метрден асып Эпекуэн жер бетінен жойылып кетті. Тек қана 2009 жылы климаттық жағдайлардың өзгеруінен кейін су мөлшері азайып, қираған үй қалдықтары көріне бастады. Туған жердің құдіреті деген осы болар, бір кездері осы өңірде өмірге келген 81 жастағы Пабло Новак есімді азамат бүгінде Эпекуэн жеріне қайта келген. Осынау кең мекенде бірнеше жылдан бері жалғыз өмір сүріп жатқан Пабло атай әрдайым Эпекуэннің гүлденіп тұрған кезін кірпігі жасқа шылана отырып еске алады екен.

Суреттер:bigpicture.ru,fototelegraf.ru,yaplakal.com,worldmammy.ucoz.ru,neobychno.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

massaget.kz
22 қараша 2018 ж. 1 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 424 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам