ҒАЛЫМДАР КҮНІНЕ ҚАНША САҒАТ ҰЙЫҚТАҒАН ПАЙДАЛЫ ЕКЕНІН АЙТТЫ
Ұйқы – адам өмірінің маңызды бөлігі. Адамның сергек әрі сау болуы үшін дұрыс ұйқының пайдасы орасан, – деп хабарлайды Stan.kz.
Ғалымдар адам өзін сергек сезіну үшін қанша уақыт ұйықтау керектігі жайлы тың мәліметпен бөлісті.
«Зерттеу жұмысын жүргізіп, 3,5 миллион адамды бақыладық. Жаңа мәліметтер бойынша, күніне 7 сағат ұйықтаған адамдар ұзағырақ өмір сүреді екен.
Егер ұйқы ұзақтығы аталған уақыттан аз болса, ұйқы қанбаған әр 1 сағат үшін өлім көрсеткіші 6 пайызға артты. Ал 7 сағаттан артық ұйықтаған кезде, әр артық сағат үшін өлім көрсеткіші 13 пайызға жоғарылаған. Жүрек-қан тамырлар дертінен болатын өлім көрсеткішінің жоғары аталған көрсеткіш тәрізді арақатынасы анықталды. Аталған дерттен зардап шегетін жандар арасындағы өлім көрсеткіші ұйқыдағы әр артық сағат үшін 12 пайызға, ұйқы қанбаған әрбір сағат үшін 6 пайызға артқан», – дейді РҒА Оралдағы бөлімінің бейінді зертханаларының жетекшісі Алексей Москалёв.