Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МАРСТА ДА ЖЕЛ СОҒАДЫ ЕКЕН 

МАРСТА ДА ЖЕЛ СОҒАДЫ ЕКЕН 


АҚШ ғарыш агенттігінің (NASA) мамандары Марс планетасындағы желдің дыбысы жазылған таспаны жариялады, деп жазады
baq.kz.
Жақында Марстың бетіне қонған InSight аппаратындағы сейсмограф желтоқсанның 1-і күні шағын тербелісті тіркеген. Оған жылдамдығы сағатына 16-24 километрге дейін жететін Марстағы жел себеп болған.
InSight аппараты жазып алған таспадағы дыбыс Жердегі желдің соққанына ұқсайды. Ғалымдар аудиожазбаны жердегі құрылғыларда тыңдауға болатындай етіп қайта өңдеген. Ғарыш аппараты тіркеген дыбыс төмен жиілікте жазылғандықтан оның жиілігін екі октаваға көтеруге тура келген.
NASA агенттігінің InSight аппараты Марс планетасының бетіне қарашаның 26-ы күні қонған. Ол Марс қабатында болып жатқан процестерді бақылайтын болады. Ғарыш агенттігінің бас директоры Джим Брайденстайн адамзат бұған дейін Марс желінің дыбысын ешқашан естіп көрмегенін айтады.
15 желтоқсан 2018 ж. 1 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 748 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам