Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аптаның қай күні тудыңыз?

Аптаның қай күні тудыңыз?

   Анықталғандай, адамның мінез-құлқы аптаның қай күні туылғанға байланысты. 
Дүйсенбі 

"Дүйсенбі – ең ауыр күн" - дейді халық түсінігі. Алайда, бұл түсініктің дүйсенбі күн туылғандарға еш қатысы жоқ. Осы күн туылғандар мейірімді және ерке келеді. Осы күн туылғандар достықта ерекше сезімталдыққа ие. 

Бір ғана кемшілік – көңіл-күйдің тез ауытқуы. 

Мұндай адамдар бірбеткей және ешкімге бағынғылары келмейді. Есесіне олар үй шаруасына ұқыпты, жақсы тамақтанып, жақсы жүруге құлықтанған (дене қалыптары келісті) әрі асты керемет дайындайды. 

Сейсенбі 

Сейсенбі күні дүниеге келгендердің қуат-күші бойларынан шығып тұрардай. Бұл күні дүниеге келген адамдар – батыл, жауапты, икемді жандар. 

Осы күні дүниеге келгендер басшылық қызметті жақсы атқарады. Және бұл қылықтары әрқашан сәтті аяқталып жатады. Саяхат жасағанды ұнатады және шытырман оқиғаға толы кітап оқығанды сүйеді. 

Сәрсенбі 

Сәрсенбі күні көңілді және бауырмал жандар туылады. Кез келген топта олар бірінші тұрады. Оларды тапқырлығы мен көңілді әзілдері биік қояды. Мұндай адамдар қолмен жақсы жұмыс жасайды – тігу, шеберлік. Көбіне сауда-саттық жағында жұмыс жасайтын болып шықты. 

Қылықты, мінезді келеді, өзгелерге көңіл қараса алады. Өз сәтсіздіктеріне көз жұмып қарайды: бәрі өтеді – бәрі кетеді. 

Бейсенбі 

Бейсенбі күні өмірге отбасындағы жайлылық пен тұрақтылықты сүйетін адамдар келеді. Олардан жақсы отағасы немесе жақсы отанасы шығады. Алайда, жүректері тез жараланғыш келеді. Ешкімді ренжіткілері келмейді. Олар адамдармен тез тіл табысады, тез көтеріледі және өмірге жеңіл қарайды әрі жаңалыққа құштар жандар. 

Ол адамдардың жабырқаңқы және тұйық қалпын көре бермейсіз. Керісінше, олар өздерін қоршаған ортаны шынайы күлкілері мен оптимизмдерімен жаулап алады. Бір кемшілік – қыңырлық пен мақтаншақтық. 

Жұма 

Жұма күні туылғандар – өнерге, әдемілікке жаны құштар жандар. Олар көңілді, ғашық болғыш, ойын-сауықтың еркелері. Олар өздерінің сыртқы түрлеріне жақсы қарайды, артығымен ойнап-күлгенді жақсы көреді (бұл қылықтары үшін өсекке қалып жатады). 

Өнер, телеарна, мәдениет саласында жұмыс жасайды. Тәттіні шектен тыс жақсы көретіндер. 

Сенбі 

Сенбі күні дүние есігін ашқандар айналасында болып жатқан дүниелерге кемелділікпен зер салады. Олар көбіне ғалым, не болмаса ұстаз болады. Асқан дәлдікпен жұмыс жасайды. Ойға алған нәрселерін соңына дейін алып барады. Өз істерінің майталмандары – бүгін жолдары болмаса да, ертеңгі күні айтқандарына жетеді (бәрін меңгеруге дағдыланған). 

Сабыр мен еңбек бәрінен басып озады – олардың ұстанымдары. Олар – сенімді достар, үй шаруасында жақсы көмекшілер. 

Жексенбі 

Аптаның соңғы күні туылғандар – «Күн». Олар әр уақытта көңілді және мәз-мейрам, барлық салада жарқырап жүреді. Ел түсінігінде жексенбі күні туылғандар бақытты болады деген сенім бар. Солай екені анық. Олар сәтті үйленеді немесе сәтті тұрмысқа шығады. 

Олардың достары көп. Оптимизмге сүйену арқылы әрқашан өмірден өз орындарын табады. Барлық іске шығармашылықпен кіріседі. Қиял мен ойлары ұшан-теңіз. 

Тексеріп көріңіз... 

Сенуге болмас, туған күнде тұрған ештеңе жоқ! Адамның қандай болатыны ата-анасы мен ең бастысы, жақсы үлгі-мысалға байланысты!
http://reactor.inform.kz
11 наурыз 2019 ж. 1 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 424 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам