ТУҒАН АЙЫ БОЙЫНША ҚЫЗДАРДЫҢ МІНЕЗІН ТАНУҒА БОЛАДЫ
Мінез-құлық қанмен тарап, тұқым арқылы беріледі. Әрине, одан кейін барлығы тәрбиеден бастау алатыны да рас. Дененмен, кеңінен етек жайған астрология ғылымы адамның мінезін тануға мүмкіндік береді.
Қаңтар
Бұл ең сабырлы және төзімді жандар. Сондай-ақ олар ерлерге тән өр мінезді келеді. Әдетте, олар біреуге шағымданып, ішіндегі сырымен бөлісуге жоқ. Өз мәселелерін өздері шешкенді жөн санайды. Қаңтар айында туылған қыз-келіншектер асүйде өте шебер келеді, бірақ тазалықпен айналысуды ұнатпайды.
Ақпан
Бұл айда туылғандар айтқандарынан қайтпайтын, бірбеткей, ауыр мінезді жандар. Олардың жүйкелері жиі сыр береді, десе де өздерін әрдайым бақылауда ұстайды. Олар ешқашан қиындықтан қорықпайды және шешімді жылдам қабылдайды. Десе де, көп жағдайда мүлт кетіп жатады. Ақпан айында дүниеге келгендердің ішінде кекшілдері де жоқ емес. Адамдарды оңай басқара алады. Сондықтан да қызметте тез өсуге қабілетті. Балаларды қатты жақсы көреді.
Наурыз
Өте сезімтал қыз-келіншектер дәл наурыз айында дүниеге келетін көрінеді. Олар өздерін бақытсызбын деп санайды екен. Ұяңдықтарынан олар қандай да бір табысқа жету жолында көп қиындықты бастан өткереді. Табиғат оларға нәзіктік пен сұлулықты молынан берген. Сондықтан да олар өздеріне қорған болар ер азаматтарды еш қиындықсыз жолықтырады.
Сәуір
Олар алдына мақсат қоя білетін, батыл әрі айтқанынан қайтпайтын қыздар. Олардың ойлары жүйрік. Олар өздеріне не қажет екенін әрдайым жақсы біледі. Тұрақсыздықты жандары сүймейді. Олар үшін сезім мен эмоция әрдайым сана, ақыл-ойдан кейін тұрады.
Мамыр
Билікқұмар және талапшыл, өздеріне керекті жақсы білетін жандар. Өкпе-ренішті кешіре білмейді. Сондықтан сөзге келген адамымен бет көріспей кетуі әбден мүмкін. Десе де, кейін сол қылығына ұялып, тіпті өкініп те жатады. Олар бірбеткей, басқарушылық қабілеттері жақсы дамыған жандар. Сондықтан олар үшін күйеу табудан гөрі, бастықтың кабинетінде өз орнын табу әлдеқайда оңай.
Маусым
Олар әр қадамдарын аңдып басады. Өте сезімтал жандар. Сондай-ақ мейірімді және сондықтан да ешкімге кек сақтап, өкпе-реніш арқаламайды. Сөз таластыруды, айқай-шуды ұнатпайды. Ондайдан әрдайым аулақ болуға ішкі түйсіктері жақсы көмектеседі.
Шілде
Бұл айда нағыз ұялшақ, ұяң жандар өмірге келетін көрінеді. Олар жоқтың бәріне алаңдап, уайымдап, әр қадамын қадағалап жүреді. Романтикаға берілген жандар, сондай-ақ біреу үшін қатты уайымдап, жұрттың қайғысының тереңіне сүңгіп кетеді. Алайда мұнысын ешкімге көрсетпеуге тырысады. Шілде айында туылған қыз-келіншектер үшін бірінші орында үйі мен отбасы тұрады.
Тамыз
Тәкаппар қыздар. Сондай-ақ олар мейірімді, қайырымды да келеді. Десе де, табиғатынан көшбасшы, билікқұмар. Көпшіліктің назарында болғанды қалайды. Еркін, ешкімге тәуелсіз. Еркектерді өзіне тарта білетін қасиетіне қарамастан, әрдайым отбасын бірінші орынға қояды. Өте шыншыл жандар, бірақ елге көп алданады.
Қыркүйек
Эмоцияға берілгіштіктеріне қарамастан олар алдына мақсат қоя білетін және үнемшіл жандар. Сараңдықтары да жоқ емес. Көптің ішінде болғанды ұнатады, десе де әрдайым өз пайдаларын ойлап тұрады. Қызғаншақ, ал өздері еркіндікті сүйеді. Көпшілігі тазалықты бірінші орынға қояды, тағамды өте дәмді дайындайды.
Қазан
Ойы жүйрік жандар, жүректері кең. Кез келген шешімге келмес бұрын жан-жақты ойланып алады. Есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Олар сатқындықты кешірмейді. Отбасында өздерін көшбасшы санайды. Шаруаға өте епті келеді.
Қараша
Өте үнемшіл, өздерін қатты жақсы көреді және эгоисттер. Сондықтан қараша айында туған қыз-келіншектердің екінші жартылары өздерінің пікірі көп жағдайда тасада қалатынына көнгендері жөн. Шын, өте қатты сүюдің, ғашық болудың не екенін білетін және солай сүйе алатын жандар.
Желтоқсан
Эмоцияға берілгіш және шалт мінезді. Айтқандарынан қайтпайды және қорқуды білмейді, тік, өздерін еркін ұстайды. Олар кез келген кедергіні бағындырып, табысқа жете біледі. Әңгімеге жақын, кез келгенді сөзге тарта біледі. Романтикаға берілгіш, жақсы құрбы бола алады. Шалт мінезімен отбасылық өмірде көп қиындыққа тап болуы мүмкін.