Орамжапырақ диетасы: он күнде он килограмм тастайсыз

Сізге керегі орамжапырақ (кез келген түрі) пен шыдамдылық. Бұл қатаң диета болғандықтан, қарныңыз жиі ашуы мүмкін. Мұндай сәттерде қанша көлемде болсын, орамжапырақпен жүрек жалғай аласыз. Сондай-ақ, көк шай, газдалмаған суды ішуге шектеу қойылмайды. Таңертең кофе ішсеңіз болады. Себебі, кофе организмдегі заталмасу процесін жылдамдатады.
Диета кезінде тыйым салынады
- Қант, тұзды қолдануға;
- Алкогольді сусындарға;
- Ұннан жасалған өнімдер мен кондитерлік өнімдерді пайдалануға.
Диета ұзақтығы – 10 күн.
Барлық ережелерді ұстанған болсаңыз осы мерзімде 6-10 кг артық салмақтан құтыласыз.
* Диетаны қайтадан ұстау тек 2 айдан соң ғана рұқсат етіледі.
Орамжапырақ диетасының 10 күндік ас мәзірі:
Таңғы ас: көк шай, кофе (қантсыз), газдалмаған таза су.
Түскі ас: орамжапырақ пен сәбіз араласқан жеңіл салат. Салатты майға (зәйтүн майы) шыласа болады. 200 граммнан аспайтын асылған сиыр еті, тауық немесе майлы емес балық.
Кешкі ас: орамжапырақтан жасалған салат, бір бөдене жұмыртқасы (немесе тауық жұмыртқасының жартысы), бір алма немесе кез келген (бананнан басқа) өзге жеміс.
Жатар алдында 2 сағат бұрын 1 стакан майсыз айран (майлылығы 1%) ішіңіз.
* Орамжапырақ салатының орнына көкөністерден жасалған сорпа ішсеңіз болады.
zhasalash.kz