Ерлердің миы ерте қартаяды
Мұның сыры неде? Себебі, ерлер мен әйелдердің дене мүшелерінің қартаюында да айырмашылық бар екен.
Вашингтон университеті ғалымдары 205 адамға арнайы зерттеу жүргізген. Оның 121-і әйел болса, 84-і ер. Олар 20 мен 82 жасқа дейінгі аралықты қамтыған. Барлығы позитронды-эмиссиялық томографиядан өткен. Осы арқылы глюкоза мен оттекті қажет ету мөлшері өлшенген. Зерттеу нәтижесінде ерлердің миы әйелдердікіне қарағанда ерте қартаятыны анықталған. Мәселен, әйелдердің миы ерлерге қарағанда орташа есеппен 3,8 жылға жас болып шыққан. Ал ерлердің миы өзінің табиғи жасынан 2,4 жыл егде болады екен. Сол үшін де ерлердің миы ерте қартаяды деген қорытындыға келген.
Сондай-ақ, ерлер әйелдерге қарағанда үлкен өмірді 3 жыл ерте бастайды. Мұны есептейтін болса, нәтиже теңеседі.
- Біз әзір нақты қорытынды жасауға асықпаймыз. Дегенмен әйелдер қартайса да есте сақтау қабілеті жоғары болатынын аңғаруға болады. Бұл олардың миының жас болуына байланысты. Қазіргі таңда бұл гипотезаны әлі зерттеудеміз, – деген университет доценті Ману Гоял.
Дайындаған А.Батырбайқызы.