Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АДАМ ӨМІРІН ҰЗАРТУДЫҢ ЕҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ ТАБЫЛДЫ

АДАМ ӨМІРІН ҰЗАРТУДЫҢ ЕҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ ТАБЫЛДЫ

  Даниялық ғалымдар алкогольді ішімдіктерді аз ішетін және темекіден бас тартқан адамның өмірі ұзақ болатынын дәлелдеді. Зерттеушілер жат қылықтар және адамның терісі мен көзінің айналасындағы өзгерістердің арасындағы байланысты анықтай отырып, осындай шешімге келген деп хабарлайды Baq.kz.
Адамның сыртқы келбетінің белгілері оның биологиялық жасымен байланысты екенін білеміз. Өз жасынан үлкен көрінетін адамдардың денсаулығы өзімен құрдастардың ағзасына қарағанда нашар болады. Ал, ерте қартаюдың негізгі белгілері: көздің мүйізгек қабығының доғалдануы, құлақ сақинасындағы әжім, терідегі сары дақтар.
Ғалымдар денсаулыққа зиян әдеттер мен жас өзгерісі арасындағы байланысты анықтау үшін 1976-2003 жылдар арасында Copenhagen City Heart Study ұзақ зерттеуін жүргізіп, нәтижеге қол жеткізді. Оған 20 мың ер адам мен әйел қатысты, бірақ талдауға тек 11 613 адам алынды.
Адам темекені ұзақ тартса, терісінде сары дақтар көбейіп, көздің мүйізгек қабығы доғалданып, құлақ сақинасында әжім пайда болады. Алкогольді ішімдік ішкен адамдар да осындай белгілер ерте көрініп, тері түйіндіктері шығады. Сондықтан мұндай жат қылықтардан аулақ жүргендердің өмірі ұзақ болады.
21 қараша 2017 ж. 3 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам