Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҒАЛЫМДАР ДЕПРЕССИЯДАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЕҢ ОҢАЙ ЖОЛЫН ТАПТЫ

ҒАЛЫМДАР ДЕПРЕССИЯДАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЕҢ ОҢАЙ ЖОЛЫН ТАПТЫ

  Аптасына небәрі бір сағат жаттығу жасау – депрессиядан құтылудың ең оңай жолы. Күйзелістен шығу жолдарын зерттеген ғалымдар осындай қорытындыға келіп отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
«Жаттығудың депрессияға қарсы күресте пайдасы барын бұрыннан білетін едік, алайда оның күйзелістен шығуға қатты көмектесетінін алғаш рет дәлелдеп отырмыз», - дейді Сиднейдегі Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің қызметкері Сэмьюэл Харви.

Созылмалы депрессия ең көп таралған және ең күрделі психикалық ауытқушылық саналады. Әдетте, ұзақ уақыт күйзелісте жүрген адамдардың өмірге қызушылығы жоғалып, енжарлық басады, өз-өзіне көңілі толмайды. Депрессиямен күресу үшін ғалымдар жүздеген дәрі жасап шығарды, бірақ көбісінің жанама әсері бар. Олар зат алмасудың бұзылуы, семіздік, дәрі ішуге әдеттеніп алу және тағысын тағы.
Соңғы жылдардағы зерттеулер көрсеткендей, үнемі күйзелісте жүру адамның психикасы мен мінез-құлқына ғана емес, оның денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Атап айтқанда, депрессия адамның өмір сүру ұзақтығын қысқартады. Мәселен, төрт жыл бұрын нидерланд биологтары депрессиядан теломерлердің (хромосоманың ұш жағындағы бөлігі, қорғаныс қызметін атқарады) ұзындығы едәуір қысқарғанын байқаған. Нәтижесінде клеткалар жылдам қартая бастапты.
Харви мен оның әріптестері Норвегия тұрғындарының денсаулығын бақылау нәтижелерін саралап, күйзелістен арылудың қауіпсіз әрі қарапайым жолын тапты. Жоба 1980-1990 жылдар аралығында Норвегиядағы бір губернияда жүзеге асқан. Жобаға шамамен 30 мың ересек норвегиялық қатысыпты. Ғалымдар 24 сағат бойы олардың денсаулығын ғана емес, көңіл-күйін де бақылап отырған.
Осылайша, жаттығу жасамайтын адамдар аптасына бір-екі сағатын спортқа бөлетін норвегиялықтарға қарағанда депрессияға 44% жиі ұшырайтыны анықталды.«Әзірге мұның немен байланысты екені түсініксіз. Бірақ, біздің ойымызша, жаттығудың биологиялық қана емес, әлеуметтік пайдасы да бар. Сондықтан күйзелісте жүргендердің бір мезгіл жаттығу жасағаны абзал», - дейді Харви.
04 қазан 2017 ж. 4 992 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам