Ғалымдар кофенің ерекше пайдасын айтты
Француз дәрігерлері сирек кездесетін генетикалық бұзылуларды сипаттады, оның белгілері кофеинді қолдану арқылы жойылады, деп жазады stan.kz.
11 жасар баланың бұлшықет қызметі бұзылып, мутацияға ұшыраған. ADCY5 геніндегі ақаулықпен байланысты дискинезия қол, бет, аяқ бұлшықеттерінің қызметін бұзады. Бұл шамамен миллион адамның бірінде кездеседі және әзірге емі табылған жоқ. Алайда ата-аналар бұл дерттен айығу үшін балаларға кофе ішкен дұрыс деп есептеді.
Дәрігерлер жазғандай, бұл болжам дұрыс болды. Алайда ата-аналар кофеинсіз эспрессо капсулаларды сатып алып, балаларын беріп келді. Олардың қателігі осында жатыр.
Дәрігерлер керісінше күші көп кофенің бұлшықет жұмысына жақсы әсер ететінін айтады. Бірақ бұл ауру өте сирек кездеседі. Сондықтан тұжырымды дәлелдеу үшін айғақ аз. Эксперимент жүргізу үшін науқастардың бір тобы кофені ішіп, екінші тобы жай ғана соған ұқсас зат қабылдауы керек.