ҒАЛЫМДАР КОФЕНІҢ ЖҮРЕККЕ ПАЙДАЛЫ ЕКЕНІН АЙТТЫ
Америкалық жүрек қауымдастығының мамандары кофе ішу жүрек жеткіліксіздігінің және инсульттің даму қаупін төмендететінін анықтады. Бұл туралы EurekAlert сайты жазады.
Ғалымдар әртүрлі диеталар мен жүрек-тамыр жүйесінің арасындағы байланысты іздестіріп, зерттеу жүргізді.
Ғалымдардың пайымдауынша, әр апта сайын кофенің қосымша әрбір шынаяғы инфарктіні жеті пайызға, ал инсультті сегіз пайызға төмендетеді екен.
Сонымен қатар зерттеу барысындағы ғылыми жұмыстарында күнделікті кофені пайдалану ерте өлудің алдын алып, рак ауруының дамуына, бауырдың қатерлі ісікке шалдығуының алдын алатынын айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, кофені күнделікті пайдалану адамның өмірін ұзарта түсетінін америкалық ғалымдар дәлелдеп шықты. Күніне 1 рет кофе ішу өлім-жітімнің барлық себептерін 12 пайызға дейін төмендетсе, күніне 3 рет кофе ішу өлім-жітімді 18 пайызға азайтатынын дәлелдеген.